Equipment reference manual

8. Диск ұясының жанындағы босату тетігін басыңыз (1) және диск ұясының осы жағын жоғары
көтеріңіз (2). Одан кейін диск ұясын (3) шассиден сырғытып шығарыңыз.
9. Жад модулі ұяшығының қос ысырмасын (1) ашыңыз да, жад модулін ұяшыққа (2) салыңыз.
Модульдің толығымен енгізіліп, дұрыс орнатылғанына көз жеткізіп, модульді ұяшығына
басыңыз. Кертпелердің жабылғанын (3) тексеріңіз.
ЕСКЕРТПЕ: Жад модулін тек бір жолмен орнатуға болады. Модульдің кертпелерін жад
ұяшығының ілгегіне дәлдеңіз.
Ақ түсті DIMM ұяшықтарынан бұрын қара түсті DIMM ұяшықтарын толтырыңыз.
Жоғары орындаулар үшін, ұяшықтарды А арнасы мен В арнасының жад сыйымдылығы тең
болатындай толтырыңыз.
10. Кез келген қосымша модульді орнату үшін, 9-қадамды қайталаңыз.
Жүйе жадын жаңарту 15