Equipment reference manual

Кеңейту картасын алу немесе орнату
Компьютерде бір PCI Express ×1 кеңейту ұяшығы және бір PCI Express x16 кеңейту ұяшығы бар.
ЕСКЕРТПЕ: PCI Express ұяшықтары тек қана төмен профайл кәртішкелеріне қолдау көрсетеді.
PCI Express ×1, ×4, ×8 немесе ×16 кеңейту карталарын PCI Express ×16 ұясына орнатуға болады.
Екі графикалық карта конфигурациясы үшін, алғашқы (негізгі) картаны PCI Express ×16 ұяшығына
орнату керек.
Кеңейту картасын алу, ауыстыру немесе қосу үшін:
1. Компьютерді ашуға тиым салатын барлық қауіпсіздік құралдарын алып тастаңыз немесе істен
шығарыңыз.
2. Компьютерден барлық алынатын шағын диск немесе USB флэш драйвтерін алып тастаңыз.
3. Компьютерді операциялық жүйе арқылы дұрыс өшіріп, одан кейін барлық сыртқы
құрылғыларды өшіріңіз.
4. Қуат сымын розеткадан ажыратып, барлық сыртқы құрылғыларды ажыратыңыз.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Қуат қосу күйіне қарамастан, жүйе белсенді розеткасына жалғанып тұрса,
жүйе тақтасында әрқашан ток болады. Ішкі бөлшектерін зақымдамау үшін, компьютерді ашарда
қуат сымын қуат көзінен ажыратыңыз.
5. Егер компьютер тұғырда тұрса, компьютерді тұғырдан шешіп алыңыз.
6. Компьютердің алынбалы панелін алыңыз.
7. Дұрыс бос кеңейту ұяшығын жүйе тақтасына және сәйкес кеңейту ұяшығын компьютер шассиінің
артына орналастырыңыз.
8. Ұя қақпақтарын ашық күйге бекітетін ұя қақпағын ұстап тұратын ысырманы бұраңыз.
9. Кеңейту картасын орнатуға дейін кеңейту ұяшығының қақпағын немесе ішінде тұрған кеңейту
картасын алып тастаңыз.
Кеңейту картасын алу немесе орнату 17