Equipment reference manual

МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Жұмысты жоғалтып алудың және компьютер немесе драйвтың бүлінуін
болдырмау үшін:
Егер драйвты салсаңыз немесе алсаңыз, жұмыс жүйесін дұрыстап өшіріңіз, компьютерді өшіріңіз және
қуат сымын ажыратыңыз. Компьютер қосылып тұрғанда немесе күту режимінде тұрғанда драйвты
қозғамаңыз.
Дискпен жұмыс істер алдында, статикалық тоқтан аулақ екеніңізді тексеріңіз. Дискімен жұмыс кезінде
қосқышты қозғамаңыз. Электростатикалық зақымның алдын алу туралы қосымша ақпаратты Электр
статикалық разряд (45-бет) бөлімінен қараңыз.
Драйвты абайлап ұстаңыз; түсіріп алмаңыз.
Драйвты енгізгенде шамадан артық күш қолданбаңыз.
Қатты драйвты сұйықтан, суық немесе ыстық температурадан, монитор немесе спикер сияқты
магниттік өрісі бар заттардан қашық ұстаңыз.
Егер драйвты поштамен жіберу қажет болса, драйвты орамға немесе басқа қорғайтын орамға салып,
сыртына мынандай белгі қойыңыз: "Сынғыш: Абайлап ұстаңыз".
9,5 мм жұқа оптикалық диск жетегін шығарып алу
1. Компьютерді ашуға тиым салатын барлық қауіпсіздік құралдарын алып тастаңыз немесе істен
шығарыңыз.
2. Компьютерден барлық алынатын шағын диск немесе USB флэш драйвтерін алып тастаңыз.
3. Компьютерді операциялық жүйе арқылы дұрыс өшіріп, одан кейін барлық сыртқы
құрылғыларды өшіріңіз.
4. Қуат сымын розеткадан ажыратып, барлық сыртқы құрылғыларды ажыратыңыз.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Қуат күйіне қарамастан, жүйе белсенді розеткасына жалғанып тұрса,
жүйе тақтасында әрқашан ток болады. Ішкі бөлшектерін зақымдамау үшін, компьютерді ашарда
қуат сымын қуат көзінен ажыратыңыз.
5. Егер компьютер тұғырда тұрса, компьютерді тұғырдан шешіп алыңыз.
6. Компьютердің алынбалы панелін алыңыз.
22 2-тарау Құрылғы жаңартулары