Пайдаланушы нұсқаулығы
© Copyright 2018 HP Development Company, L.P. AMD белгісі – Advanced Micro Devices, Inc. корпорациясының сауда белгісі. Bluetooth өз меншік иесінің сауда белгісі болып табылады және оны HP Inc. компаниясы лицензия бойынша пайдаланады. Intel, Celeron, Pentium және Thunderbolt – Intel корпорациясының АҚШ-тағы және басқа елдердегі сауда белгілері. Microsoft – тіркелген сауда белгісі немесе АҚШ және/ немесе басқа елдердегі Microsoft корпорациясының сауда белгісі.
Қауіпсіздік туралы ескерту хабары АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Қызып кетумен байланысты зақымдарды немесе компьютердің қатты қызып кету жағдайын азайту үшін компьютерді тізеңізге қоймаңыз немесе компьютердің ауа желдеткішін бітемеңіз. Компьютерді тек қатты, тегіс беттің үстіне қойып пайдаланыңыз. Қасында тұрған қосымша принтер сияқты қатты беттің немесе жастық, кілем немесе мата сияқты жұмсақ беттің ауа ағынын бөгеуіне жол бермеңіз.
iv Қауіпсіздік туралы ескерту хабары
Процессордың конфигурация параметрі (тек таңдаулы өнімдерде). МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Компьютердің таңдаулы өнімдері Intel ® Pentium ® N35xx/N37xx сериялы немесе Celeron ® N28xx/N29xx/N30xx/N31xx сериялы процессормен және Windows ® амалдық жүйесімен жабдықталады. Жоғарыда сипатталған компьютерде msconfig.exe файлында процессордың конфигурациялық параметрлерін 4 немесе 2 процессордан 1 процессорға өзгертпеңіз. Егер өзгертсеңіз, компьютер қайта қосылмайды.
vi Процессордың конфигурация параметрі (тек таңдаулы өнімдерде).
Maзмұны 1 Қош келдіңіз ................................................................................................................................................ 1 Ақпаратты табу .................................................................................................................................................... 2 2 Бөліктер ......................................................................................................................................................
Жергілікті желіге (LAN) қосылу (тек таңдаулы өнімдерде) ........................................................ 25 HP LAN-WLAN қорғанысы мүмкіндігін (тек таңдаулы өнімдерде) пайдалану .......................... 26 HP LAN-WLAN қорғанысы мүмкіндігін қосу және теңшеу ......................................... 26 Компьютерді желіде анықтау үшін HP MAC Address Manager бағдарламасын (тек таңдаулы өнімдерде) пайдалану .................................................................................................
6 Қуат басқару .............................................................................................................................................. 41 Ұйқылық режимді және күту күйін пайдалану .............................................................................................. 41 Ұйқылық күйді қосу және одан шығу ........................................................................................... 41 Күту режимін іске қосу және шығу (тек таңдаулы өнімдерде) ........................
Желіаралық қалқан бағдарламалық құралын пайдалану ........................................................................... 57 Бағдарламалық құрал жаңартуларын орнату ............................................................................................... 57 HP Client Security бағдарламасын пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде) ................................................... 58 HP Managed Services бағдарламалық құралын (тек таңдаулы өнімдерде) пайдалану ............................
Computer Setup (BIOS) утилитасын бастау үшін USB пернетақтасын немесе USB тінтуірін пайдалану ............................................................................................... 72 Computer Setup утилитасында жылжу және таңдау ................................................................... 73 Computer Setup утилитасында зауыттық параметрлерді қалпына келтіру ............................. 73 BIOS нұсқасын жаңарту ................................................................................
xii
1 Қош келдіңіз Компьютерді орнатқан және тіркеген соң, зерделі қаржыландырудың ең көбін алу үшін келесі қадамдарды орындауды ұсынамыз: ● КЕҢЕС: Ашық тұрған бағдарламадан немесе Windows жұмыс үстелінен компьютердің бастау экранына жылдам оралу үшін, пернетақтадағы Windows пернесін басыңыз. Windows пернесін қайта басу алдыңғы экранға қайтарады. ● Интернетке қосылу — Интернетке қосылу үшін, сымды және сымсыз желіні реттеңіз. Қосымша ақпаратты Желі қосылымдары (21-бет) бөлімінен қараңыз.
Ақпаратты табу Өнім туралы егжей-тегжейлі деректерді, практикалық нұсқаулық ақпаратын және қосымша мәліметтерді қамтамасыз ететін ресурстарды табу үшін, мына кестені қараңыз. Ресурстар Мазмұны Орнату нұсқаулары ● Компьютердің параметрлерін орнатуға және мүмкіндіктеріне жалпы шолу НР қолдау қызметі ● HP маманымен желіде сөйлесу НР қолдау қызметін пайдалану үшін http://www.hp.com/support мекенжайына өтіңіз.
Ресурстар ▲ Мазмұны Пуск (Бастау) түймесін басып, НР, одан кейін Документация НР (НР құжаттары) тармақтарын таңдаңыз. – немесе – ▲ http://www.hp.com/go/orderdocuments вебторабына өтіңіз. МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Пайдаланушы нұсқаулығының ең соңғы нұсқасын ашу үшін Интернетке қосылу қажет. НР Шектеулі кепілдігін өнімдегі және/немесе қорапта қамтамасыз етілген ықшам дискіде немесе DVD дискісіндегі пайдаланушы нұсқаулықтарында табуға болады.
2 Бөліктер Компьютерде жоғарғы деңгейлі бөліктер бар. Бұл тарауда бөліктер туралы, олардың қайда орналасқаны және қалай істейтіні туралы мәліметтер берілген. Аппараттық құралдардың орналасқан жерлері Компьютерге орнатылған аппараттық құралдарды көру үшін: ▲ Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында диспетчер устройств (құрылғылар басқарушысы) деп теріп, Диспетчер устройств (Құрылғылар басқарушысы) қолданбасын таңдаңыз. Компьютерге орнатылған барлық құрылғылар тізімде көрсетіледі.
Оң жағы ЕСКЕРТПЕ: Компьютерге ұқсас суретті қараңыз. Бөлік (1) Сипаттама SIM картасының ұясы немесе жалғағышы Сымсыз абонентті анықтау модулі (SIM) картасын немесе жалғағышын қолдайды. ЕСКЕРТПЕ: Барлық үлгілердің SIM картасының ұясы және белгішесі бар. Бірақ HP Мобильді кең жолақты модулі және зауытта орнатылған сымсыз WWAN құрылғысы жоқ үлгілер ұясына енгізілгенін алынбайтын жалғағышпен жеткізіледі.
Бөлік Сипаттама ● Сары (оң жақта): Желіде әрекет орын алуда. (6) Қондыру қосқышы Қосымша қондыру құрылғысын жалғайды. (7) USB Type-C SuperSpeed порты және DisplayPort Компьютер қосулы кезде ұялы телефон, камера, белсенділік трекері немесе смарт сағат сияқты, Type-C коннекторы бар USB құрылғыларының көпшілігін жалғап зарядтайды және деректерді жоғары жылдамдықпен беруді қамтамасыз етеді. ЕСКЕРТПЕ: Кабельдер мен/немесе адаптерлер (бөлек сатылады) қажет болуы мүмкін.
Сол жағы Бөлік (1) Сипаттама Қауіпсіздік кабелінің ұясы Қосымша қауіпсіздік кабелін компьютерге жалғайды. ЕСКЕРТПЕ: Қауіпсіздік кабелі сақтандырғыш құрал ретінде әрекет ету үшін жасалған, бірақ ол компьютерге күтімсіз қараудан немесе оны ұрланудан қорғай алмауы мүмкін. (2) Желдеткіш тесік Ішкі бөліктерді салқындату үшін ауа ағынын қосады. ЕСКЕРТПЕ: Компьютер желдеткіші ішкі бөліктерді салқындату үшін және қызып кетуден қорғау үшін автоматты түрде қосылады.
Бөлік Сипаттама (1) WWAN антенналары* (тек таңдаулы өнімдерде) Сымсыз ғаламдық желімен (WWAN) байланыс жасау мақсатында сымсыз сигналдарды жібереді және қабылдайды. (2) WLAN антенналары* (тек таңдаулы өнімдерде) Сымсыз жергілікті желілермен (WLAN) байланыста болу үшін сымсыз байланыс сигналдарын жібереді және қабылдайды. (3) Ішкі микрофондар Дыбыс жазады. (4) Камера шамы (шамдары) (тек таңдаулы өнімдерде) Қосулы: бір немесе бірнеше камера пайдалануда.
Пернетақта аумағы Сенсорлы тақта Бөлік Сипаттама (1) Меңзегіш құрылғы Экранда меңзерді жылжытады. (2) Меңзегіш құрылғының сол жақ түймесі Сыртқы тінтуірдің сол жақ түймешігі сияқты жұмыс істейді. (3) Сенсорлы тақта аймағы Меңзерді жылжыту немесе экрандағы элементтерді ашу үшін саусақпен орындалатын қимылдарды оқиды. (4) Оң жақ меңзегіш құрылғы түймесі Сыртқы тінтуірдің оң жақ түймешігі сияқты жұмыс істейді.
Шамдар ЕСКЕРТПЕ: Компьютерге ұқсас суретті қараңыз. Бөлік (1) (2) (3) Сипаттама Қуат шамы Дыбысты өшіру шамы Микрофон дыбысын өшіру шамы ● Қосулы: компьютер қосулы. ● Жыпылықтау: қуатты үнемдеу күйі болып табылатын «Ұйқы күйі» компьютерде қосылған. Компьютер дисплейдің және басқа да қажет емес құрамдас бөліктердің қуатын өшіреді. ● Өшірулі: компьютер өшірулі немесе күту күйінде. Күту күйі — ең аз мөлшерде қуат тұтынатын қуатты үнемдеу күйі. ● Қосулы: компьютер дыбысы өшірулі.
Бөлік Сипаттама (8) Fn құлпы шамы Қосулы: Fn пернесі құлыпталды. Қосымша ақпаратты Жылдам пернелер (тек таңдаулы өнімдерде) (16-бет) бөлімінен қараңыз. (9) Қоңырауға жауап беру шамы Қосулы: Қоңырауға жауап беру қосулы. (10) Қоңырауды аяқтау шамы Қосулы: Қоңыраудың аяқталуы қосулы.
Түймешіктер, үндеткіштер және саусақ ізін оқу құрылғысы ЕСКЕРТПЕ: Компьютерге ұқсас суретті қараңыз. Бөлік (1) Сипаттама Қуат түймешігі ● Компьютер өшірулі болғанда, компьютерді қосу үшін түймешікті басыңыз. ● Компьютер қосулы болғанда, ұйқы күйін қосу үшін түймешікті тез басып қалыңыз. ● Компьютер ұйқы күйінде болғанда, ұйқы күйінен шығу үшін түймешікті тез басып қалыңыз. ● Компьютер күту күйінде болған кезде, күту күйінен шығу үшін түймешікті тез басып қалыңыз.
Бөлік Сипаттама (3) Үндеткіштер (2) Дыбыс шығарады. (4) Саусақ ізін оқу құрылғысы немесе жалғағышы Құпия сөзді енгізбестен, саусақ ізін пайдаланып Windows амалдық жүйесіне кіруге мүмкіндік береді. ЕСКЕРТПЕ: Саусақ ізін оқу құрылғысы мен жалғағышының көрінісі бірдей.
Арнайы пернелер ЕСКЕРТПЕ: Компьютерге ұқсас суретті қараңыз. Бөлік (1) Сипаттама Әрекет пернелері Жиі қолданылатын жүйелік функцияларды орындайды. Әрекет пернелері (15-бет) бөлімін қараңыз. (2) esc пернесі fn пернесімен бірге басылған кезде жүйе ақпараты көрсетіледі. (3) fn пернесі Басқа пернемен бірге басылғанда, жиі пайдаланылатын жүйелік функцияларды орындайды. Осындай пернелер тіркесімдері жылдам пернелер деп аталады. Жылдам пернелер (тек таңдаулы өнімдерде) (16-бет) бөлімін қараңыз.
Бөлік Сипаттама пернетақтаны сыртқы сандар пернетақтасы ретінде қолдануға болады. ЕСКЕРТПЕ: Өшірілген компьютерде белсенді болып тұрған пернетақта функциясы компьютер қайта қосылғанда қалпына келеді. Әрекет пернелері Әрекет пернесі пернесінде белгішемен көрсетілетін функцияны орындайды. Өнімдегі пернелерді анықтау үшін Арнайы пернелер (14-бет) бөлімін қараңыз. ▲ Әрекет пернесін пайдалану үшін оны басып ұстап тұрыңыз.
Белгіше Сипаттама Сымсыз байланыс мүмкіндігін қосады немесе ажыратады. ЕСКЕРТПЕ: Сымсыз байланысты орнату үшін сымсыз желі де орнатылуы қажет. Бизнеске арналған Skype бағдарламасының күнтізбесін жылдам ашуға мүмкіндік береді. ЕСКЕРТПЕ: Бұл мүмкіндікті пайдалану үшін бизнеске арналған Skype® бағдарламасы немесе Lync® 2013 клиенті Microsoft Exchange немесе Office 365® серверлерінде орнатылған болуы тиіс. Экранды бөлісу мүмкіндігін қосады немесе өшіреді.
Астыңғы жағы Бөлік Сипаттама Желдеткіш тесік Ішкі бөліктерді салқындату үшін ауа ағынын қосады. ЕСКЕРТПЕ: Компьютер желдеткіші ішкі бөліктерді салқындату үшін және қызып кетуден қорғау үшін автоматты түрде қосылады. Жұмыс барысында желдеткіштің біресе қосылып, біресе өшіп отыруы – қалыпты жағдай. Алдыңғы жағы Бөлік (1) Сипаттама Қуат шамы ● Қосулы: компьютер қосулы. ● Жыпылықтау: қуатты үнемдеу күйі болып табылатын «Ұйқы күйі» компьютерде қосылған.
Бөлік Сипаттама ● (2) Сымсыз байланыс шамы Өшірулі: компьютер өшірулі немесе күту күйінде. Күту күйі — ең аз мөлшерде қуат тұтынатын қуатты үнемдеу күйі. Қосулы: Сымсыз жергілікті желі (WLAN) құрылғысы және/немесе Bluetooth® құрылғысы сияқты бекітілген сымсыз құрылғы қосулы. ЕСКЕРТПЕ: Кейбір үлгілерде барлық сымсыз құрылғылар өшірулі болғанда, сымсыз байланыс шамы сары түспен жанып тұрады. (3) Диск шамы ● Ақ түсте жыпылықтау: Қатты диск пайдаланылуда.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Осы бөлімде сипатталған жапсырмалар туралы ақпаратты алу үшін келесі орындарға қараңыз: компьютердің астыңғы жағында, батарея ұясында, қызмет көрсету есігінің астында, дисплейдің артында немесе планшеттің қайырмалы тірегінің астыңғы жағында. ● Қызмет көрсету жапсырмасы:компьютерді анықтау үшін маңызды ақпаратты береді. Қолдау қызметімен хабарласу кезінде сериялық нөмір, өнім нөмірі немесе модель нөмірі сұралуы мүмкін. Қолдау қызметімен хабарласпас бұрын, бұл ақпаратты табыңыз.
SIM картасын енгізу (тек таңдаулы өнімдерде) ЕСКЕРТУ: Қосқыштарға зақым келтіруді болдырмау үшін SIM картасын орналастыру кезінде қатты күш салмаңыз. SIM картасын салу үшін, төмендегі әрекеттерді орындаңыз: 1. Компьютерді Завершение работы (Жұмысты аяқтау) пәрмені арқылы өшіріңіз. 2. Картаны SIM ұясына енгізіп, карта нық отырғанша оны ішіне итеріңіз. ЕСКЕРТПЕ: Компьютердің SIM картасы осы бөлімдегі суреттегіден сәл өзгешелеу болуы мүмкін.
3 Желі қосылымдары Осы компьютермен кез келген жерге саяхаттауға болады. Алайда, компьютер мен сымсыз не сымды желі байланысын пайдаланып үйде отырып та дүние жүзін шарлап, миллиондаған веб-тораптардың ақпараттарына қол жеткізуге болады. Осы тараудағы ақпарат әлеммен байланысуға көмектеседі.
Сымсыз байланыс түймесі Компьютерде сымсыз байланыс түймешігі, бір немесе бірнеше сымсыз құрылғылар және бір немесе екі сымсыз байланыс шамы бар. Компьютердегі сымсыз құрылғылардың барлығы зауытта іске қосылады. Сымсыз байланыс шамы жеке құрылғылардың емес, сымсыз құрылғылардың жалпы қуат күйін анықтайды. Амалдық жүйе басқару элементтері Желі және ортақ қолдану орталығы қосылымды немесе желіні орнатуға, желіге қосылуға, желі ақаулықтарын тексеруге және жөндеуге мүмкіндік береді.
НР Мобильді кең жолақты модулін пайдалану (тек таңдаулы өнімдерде) HP мобильді кең жолақты компьютеріңізде кең ауқымды мобильді қызметке қолдау көрсетілген. Жаңа компьютерді мобильді оператордың желісімен пайдаланғанда Интернетке қосылу, электрондық пошта жіберу немесе корпоративтік желіге қосылу Wi-Fi жылдам қосылу нүктесінсіз мүмкін болады. ЕСКЕРТПЕ: Компьютер HP мобильді байланысты қамтитын болса, бұл бөлімдегі нұсқаулар қолданылмайды.
Bluetooth сымсыз құрылғыларын пайдалану (тек таңдаулы өнімдерде) Bluetooth құрылғысы әдетте мына электрондық құрылғыларды байланыстыратын физикалық кабель қосылымдарын ауыстыратын қысқа ауқымды сымсыз байланыстарды қамтамасыз етеді.
2. а. Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында беспроводное (сымсыз) деп теріп, Включение и отключение беспроводных устройств (Сымсыз құрылғыларды қосу немесе өшіру) опциясын таңдаңыз. ә. NFC мүмкіндігінің Вкл (Қосулы) параметрінің таңдалғанына көз жеткізіңіз. NFC түрту аймағын NFC функциясы қосылған құрылғымен түртіңіз. Құрылғылар қосылған кезде дыбыс естілуі мүмкін. ЕСКЕРТПЕ: қараңыз. 3.
2. Желілік кабелдің екінші ұшын желінің қабырға ұясына (2) немесе жол жоспарлағышқа жалғаңыз. ЕСКЕРТПЕ: Желі кабелінің теледидар мен радио кедергілерінен қорғайтын кедергілерді басу схемасы (3) бар болса, кабельдің осы схема орналасқан ұшын компьютерге қарай бағыттаңыз. HP LAN-WLAN қорғанысы мүмкіндігін (тек таңдаулы өнімдерде) пайдалану LAN ортасында LAN желісін рұқсатсыз кіруден қорғау үшін HP LAN-WLAN қорғанысы мүмкіндігінің параметрлерін орнатуға болады.
Өзгертулер компьютер қайта іске қосылған кезде күшіне енеді. Компьютерді желіде анықтау үшін HP MAC Address Manager бағдарламасын (тек таңдаулы өнімдерде) пайдалану Жүйенің Media Access Control (MAC) мекенжайы көмегімен компьютеріңізді және оның коммуникациялау оқиғаларын желіде анықтау жолын теңшеуге болады. Жүйелік MAC мекенжайы көмегімен қондыру станциясы немесе сыртқы сымсыз адаптер сияқты сыртқы құрылғы арқылы желіге қосылған компьютерді анықтауға болады.
4 Экранда шарлау Компьютер экраны бойынша бір немесе бірнеше әдістермен жылжуға болады: ● Сенсорлық қимылдарды тікелей компьютер экранында пайдаланыңыз ● Сенсорлық қимылдарды сенсорлы тақтада пайдалану ● Қосымша тінтуірді немесе пернетақтаны (бөлек сатылады) пайдалану ● Экрандағы пернетақтаны пайдалану ● Меңзеу таяқшасын пайдалану Сенсорлы тақтаны және сенсорлы экран қимылдарын пайдалану Сенсорлы тақта қарапайым саусақ қозғалыстарымен компьютер экранында шарлауға және меңзерді басқаруға мүмкіндік
● Кішірейту үшін, екі саусақты сенсорлы тақта аймағында немесе сенсорлы экранға арасын алшақ қойып, одан кейін олардың арасын жақындатыңыз. ● Үлкейту үшін, екі саусақты сенсорлы тақта аймағында немесе сенсорлы экранда бірге қойып, олардың арасын ашыңыз. Екі саусақпен сырғыту (тек сенсорлы тақтада) Екі саусақты сырғыту қимылын бетте немесе кескінде жоғары, төмен қарай немесе жан-жаққа жылжыту үшін пайдаланыңыз.
● Әрекет орталығын ашу және ағымдағы параметрлер мен хабарландыруларды көру үшін сенсорлы тақтаны төрт саусақпен түртіңіз. Үш саусақты сырғыту (тек сенсорлы тақтада) Ашық терезелерді көру үшін және ашық тұрған терезелер мен жұмыс үстелі арасында ауысу үшін үш саусақты сырғыту қимылын пайдаланыңыз. ● Ашық тұрған барлық терезелерді көру үшін 3 саусағыңызды өзіңізден сырғытыңыз. ● Жұмыс үстелін көрсету үшін 3 саусағыңызды өзіңізге қарай сырғытыңыз.
Қосымша пернетақтаны немесе тінтуірді пайдалану Қосымша пернетақта немесе тінтуір теруге, элементтерді таңдауға, айналдыруға және сенсорлы экрандағы қимылдар сияқты бірдей функцияларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, пернетақта арнайы функцияларды орындау мақсатымен әрекет пернелері мен жылдам пернелерді пайдалануға мүмкіндік береді. Экрандық пернетақтаны пайдалану (тек таңдаулы өнімдерде) 1.
5 Ойын-сауық мүмкіндіктері НР компьютерін бизнес немесе ойын-сауық мақсаттарында басқа пайдаланушылармен камера арқылы байланысу, дыбыс пен бейнені біріктіру немесе проектор, монитор, теледидар не үндеткіштер сияқты сыртқы құрылғыларды қосу үшін пайдаланыңыз. Компьютерде аудио, видео және камера мүмкіндіктерінің орналасқан орындары туралы ақпаратты Бөліктер (4-бет) бөлімінде қараңыз.
Компьютерге сымсыз құлақаспаптарды жалғау үшін, құрылғы өндірушісінің нұсқауларын орындаңыз. Гарнитураны қосу АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін, құлақаспаптар, тығын тәріздес құлақаспаптар немесе гарнитураны киер алдында, дыбыс қаттылығын төмендетіңіз. Қауіпсіздік туралы қосымша ақпарат алу үшін, Заңдық, қауіпсіздік және экологиялық ескертпелер нұсқаулығын қараңыз.
USB Type-C кабелі арқылы DisplayPort құрылғысын жалғау (тек таңдаулы өнімдерде) ЕСКЕРТПЕ: USB Type-C DisplayPort құрылғысын компьютерге жалғау үшін бөлек сатылатын USB TypeC кабелі қажет болады. Бейне немесе ажыратымдылығы жоғары дисплей шығысын сыртқы DisplayPort құрылғысынан қарау үшін DisplayPort құрылғысын мына нұсқауларға сәйкес жалғаңыз: 1. USB Type-C кабелінің бір ұшын компьютердегі USB SuperSpeed және DisplayPort портына жалғаңыз. 2. Кабельдің екінші ұшын сыртқы DisplayPort құрылғысына жалғаңыз.
USB Type-C кабелі арқылы Thunderbolt құрылғысын жалғау (тек таңдаулы өнімдерде) ЕСКЕРТПЕ: USB Type-C Thunderbolt құрылғысын компьютерге жалғау үшін бөлек сатылатын USB Type-C кабелі қажет болады. Бейне немесе ажыратымдылығы жоғары дисплей шығысын сыртқы Thunderbolt құрылғысында қарау үшін Thunderbolt құрылғысын мына нұсқауларға сәйкес жалғаңыз: 1. USB Type-C кабелінің бір ұшын компьютердегі USB Type-C Thunderbolt портына жалғаңыз. 2. Кабельдің екінші ұшын сыртқы Thunderbolt құрылғысына жалғаңыз. 3.
Компьютер экранындағы кескінді ажыратымдылығы жоғары теледидардан не компьютерден көру үшін, ажыратымдылығы жоғары құрылғыны келесі нұсқауларға сәйкес жалғаңыз. 1. HDMI кабелінің бір ұшын компьютердегі HDMI портына жалғаңыз. 2. Кабельдің екінші ұшын ажыратымдылығы жоғары теледидарға немесе мониторға жалғаңыз. 3. Компьютер экранындағы кескінді 4 түрлі көрсету күйіне ауыстырып қосу үшін f1 пернесін басыңыз: ● ДК экраны ғана: экрандағы кескінді тек компьютерден көру.
Дыбыстық ағынды компьютер үндеткіштеріне беру үшін 1. Тапсырмалар тақтасының оң жағында орналасқан хабарландыру аймағындағы Динамики (Үндеткіштер) белгішесін тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып, Устройства воспроизведения (Ойнату құрылғылары) параметрін тінтуірмен басыңыз. 2. Playback (Ойнату) қойыншасында Динамики (Үндеткіштер) параметрін таңдаңыз. 3. Задать по умолчанию (Әдепкі күйді орнату) пәрменін таңдап, OK түймешігін басыңыз.
Бірнеше дисплей құрылғысын орнату үшін осы қадамдарды орындаңыз: 1. DP-to-DP кабелімен (бөлек сатып алынады) сыртқы хабты (бөлек сатып алынады) компьютердегі DisplayPort қосыңыз. Концентратордың қуат адаптері айнымалы ток қуатына қосылғанына көз жеткізіңіз. 2. Сыртқы дисплей құрылғыларын хабтағы VGA немесе DisplayPorts порттарына жалғаңыз. 3.
Miracast ашу үшін ▲ Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында демонстрировать (көрсету) сөзін теріп, Демонстрировать на втором экране (Екінші экранда көрсету) опциясын таңдаңыз. Подключение к беспроводному дисплею (Сымсыз дисплейге қосылу) түймесін басып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Деректерді беру мүмкіндігін пайдалану Компьютерді фотосуреттер, бейнелер мен фильмдерді USB құрылғыларынан жылжытып, компьютерде қарауға мүмкіндік беретін қуатты көңіл көтеру құрылғы болып табылады.
2. 40 Кабельдің екінші ұшын сыртқы құрылғыға жалғаңыз.
6 Қуат басқару Бұл компьютер батарея қуатымен немесе сыртқы қуат көзіне қосу арқылы жұмыс істейді. Компьютер батарея қуатымен жұмыс істеп, батареяны зарядтау үшін сыртқы қуат көзі қолжетімді болмаған кезде батарея зарядын бақылаған және үнемдеу маңызды. Осы тарауда сипатталған кейбір қуатты басқару мүмкіндіктері компьютеріңізде қолжетімді болмауы мүмкін. Ұйқылық режимді және күту күйін пайдалану ЕСКЕРТУ: Компьютердің Ұйқы режимінде бірнеше осал тараптары бар.
ЕСКЕРТПЕ: Егер ұйқылық режимнен шыққан кезде құпия сөз сұралатын етіп орнатылған болса, жұмысты жалғастыру үшін Windows құпия сөзіңізді енгізу қажет болады. Күту режимін іске қосу және шығу (тек таңдаулы өнімдерде) Пайдаланушы арқылы қосылатын күту күйін қосу және басқа қуат параметрлері мен күту үзілістерін өзгерту үшін «Қуат параметрлері» пәрменін пайдаланыңыз. 1. Питание (Қуат) белгішесін тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып, Электропитание (Қуат параметрлері) тармағын таңдаңыз. 2.
Ұсынылатын рәсім Windows жүйесінің жұмысты аяқтау пәрменін пайдалану болып табылады. ЕСКЕРТПЕ: Компьютер ұйқылық режимде немесе күту күйінде болғанда, қуат түймешігін басып қалу арқылы ұйқылық режимнен немесе күту күйінен шығу қажет. 1. Жұмысыңызды сақтап, барлық ашық бағдарламаларды жабыңыз. 2. Пуск (Бастау) түймешігін басып, Питание (Қуат) белгішесін, содан кейін Завершение работы (Жұмысты аяқтау) белгішесін таңдаңыз.
HP Жылдам зарядтау мүмкіндігін (тек таңдаулы өнімдерде) пайдалану HP Жылдам зарядтау мүмкіндігі арқылы компьютердегі батареяны жылдам зарядтауға болады. Зарядтау уақыты +/- 10% дейін өзгеруі мүмкін. Компьютер үлгісіне және компьютермен берілген HP айнымалы ток адаптеріне қарай, HP жылдам зарядтау мүмкіндігі мына жолдардың біреуімен орындалады: ● Қалған батарея заряды нөл және 50% аралығында болған кезде батарея ең көп 30 минутта толық сыйымдылығының 50% дейін зарядталады.
● Пайдаланбаған кез келген сыртқы мультимедиа карталарының жұмысын тоқтатыңыз, оларды өшіріңіз немесе шығарып алыңыз. ● Жұмысты тоқтатпас бұрын, ұйқы күйін қосыңыз немесе компьютерді өшіріңіз. Төмен батарея деңгейлерін анықтау Компьютердің жалғыз қуат көзі болатын батарея заряды төмен батарея деңгейіне жеткенде, батарея шамы жыпылықтайды. ● Батарея шамы (тек таңдаулы өнімдерде) батарея зарядының төмен немесе тым төмен деңгейін көрсетеді.
Тапсырмалар тақтасындағы сұрау белгісінің белгішесін басыңыз. 2. Мой ПК (Менің ДК), Диагностика и инструменты (Диагностика және құралдар) қойыншасын таңдаңыз, одан кейін HP Battery Check бағдарламасын таңдаңыз. Егер батареяны ауыстыру керектігі НР Battery Check (НР Батарея тексеру) бағдарламасы арқылы анықталған болса, НР қолдау қызметімен хабарласыңыз. Осы құрылғыдағы батареяны (батареяларды) пайдаланушы арқылы оңай ауыстыруға болмайды. Батареяны алу немесе ауыстыру кепілдік күшіне әсер етуі мүмкін.
7 Қауіпсіздік Компьютерді қорғау Windows амалдық жүйесі қамтамасыз ететін стандартты қауіпсіздік мүмкіндіктері және Windows жүйесіне кіретін Computer Setup (кез келген амалдық жүйеде жұмыс істейтін BIOS) құралы жеке параметрлеріңіз бен деректеріңізді әртүрлі қауіптерден қорғауы мүмкін. ЕСКЕРТПЕ: Қауіпсіздік шешімдері сақтандырғыш құрал ретінде әрекет ету үшін жасалған. Бірақ олар құрылғыға күтімсіз қараудан немесе оны ұрланудан қорғай алмауы мүмкін.
Құпия сөздерді пайдалану Құпия сөз – компьютер ақпаратын қорғау үшін таңдалатын таңбалардың тобы. Ақпаратқа кіруді басқарудың жолына байланысты құпия сөздердің бірнеше түрлері орнатылуы мүмкін. Құпия сөздер Windows жүйесінде немесе компьютерде алдын ала орнатылған Computer Setup утилитасы арқылы тағайындалады. ● BIOS әкімшісінің қосылғанда сұралатын құпия сөзі және DriveLock құпия сөзі Computer Setup утилитасында орнатылады. Олар жүйенің BIOS бағдарламасы арқылы басқарылады.
Құпия сөз Қызмет Қосылғанда сұралатын құпия сөз ● Оны компьютерді қосқан не қайта бастаған сайын енгізу қажет. ● Қосылғанда сұралатын құпия сөзді ұмытып қалсаңыз, компьютерді қосу немесе қайта қосу мүмкін болмайды. DriveLock басты құпия сөзі* DriveLock арқылы қорғалатын ішкі қатты дискіге кіруді қорғайды және бұл құпия сөз DriveLock құпия сөздерін іске қосу кезінде орнатылады. Сонымен қатар, бұл құпия сөз DriveLock қорғанысын алуға қолданылады.
● Пернетақтасы жоқ планшеттерді пайдалану кезінде: ▲ Планшетті өшіріңіз. Бастау мәзірі экранға шыққанша, қуат түймесін дыбыс деңгейін азайту түймешігімен бірге басыңыз, одан кейін Computer Setup утилитасын ашу үшін F10 пернесін басыңыз. 2. Ағымдағы BIOS әкімші құпия сөзін енгізіңіз. 3.
BIOS әкімші құпия сөзін енгізу BIOS әкімші құпия сөзін енгізу сұралған кезде, құпия сөзіңізді (құпия сөзді орнатқанда басылған бірдей пернелерді пайдалану арқылы) теріңіз, одан кейін enter пернесін басыңыз. BIOS әкімші құпия сөзін енгізудің екі сәтсіз әрекетінен кейін компьютерді өшіріп қайта бастаңыз және әрекетті қайталаңыз. Қауіпсіздікті қамтамасыз ететін DriveLock опцияларын қолдану DriveLock – қатты дискі мазмұндарына рұқсатсыз енуден қорғауға арналған.
4. enter пернесі мен тінтуірдің сол жақ түймешігін басу немесе сенсорлы экранды пайдалану арқылы Automatic DriveLock (Автоматты DriveLock) құсбелгісін қойыңыз. 5. Өзгертулерді сақтап Computer Setup утилитасынан шығу үшін, Save (Сақтау) пернесін басып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз. – немесе – Main (Негізгі) опциясын, одан кейін Save Changes and Exit (Өзгерістерді сақтап шығу) опциясын таңдаңыз және enter пернесін басыңыз.
Автоматты DriveLock құпия сөзін енгізу Егер автоматты DriveLock мүмкіндігі қосулы және диск бастапқы компьютерге жалғанған күйінде қалса, дискті бұғатсыздандыру үшін DriveLock құпия сөзін енгізу нұсқауы берілмейді. Дегенмен, егер диск басқа компьютерге жылжытылған болса немесе бастапқы компьютердегі жүйелік тақта ауыстырылған болса, DriveLock құпия сөзін енгізу нұсқауы беріледі.
DriveLock басты құпия сөзін тағайындау DriveLock құралының басты құпия сөзін орнату үшін мына қадамдарды орындаңыз: 1. Computer Setup (Компьютерді орнату) утилитасын бастаңыз. ● ● Пернетақтасы бар компьютерлер немесе планшеттерді пайдалану кезінде: 1. Компьютерді өшіріңіз. 2. Computer Setup утилитасын ашу үшін, қуат түймесін басыңыз және НР логотипі экранға шыққанда f10 пернесін басыңыз. Пернетақтасы жоқ планшеттерді пайдалану кезінде: 1. Планшетті өшіріңіз. 2.
3. Қорғалатын қатты дискіні таңдаңыз және enter пернесін басыңыз. 4. Enable DriveLock (DriveLock құралын қосу) пәрменін таңдаңыз және enter пернесін басыңыз. 5. Ескерту хабарын мұқият оқып шығыңыз. 6. DriveLock пайдаланушы құпия сөзін орнату және DriveLock мүмкіндігін қосу үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз. 7. Computer Setup утилитасынан шығу үшін Main (Негізгі), Save Changes and Exit (Өзгерістерді сақтап шығу) опциясын таңдаңыз, одан кейін Yes (Иә) түймешігін басыңыз.
DriveLock құпия сөзін өзгерту Computer Setup утилитасында DriveLock құпия сөзін өзгерту үшін төменде берілген қадамдарды орындаңыз: 1. Компьютерді өшіріңіз. 2. Қуат түймешігін басыңыз. 3. DriveLock Password (DriveLock құпия сөзін енгізу) сұралғанда, DriveLock құралының өзгертіліп жатқан ағымдағы пайдаланушы құпия сөзін немесе басты құпия сөзін теріңіз, enter пернесін басыңыз және Computer Setup утилитасын ашу үшін f10 пернесін басыңыз немесе түртіңіз. 4.
Компьютеріңізде Windows Defender алдын ала орнатылған. Компьютерді жан-жақты қорғау үшін вирусқа қарсы бағдарламаны қолдануды жалғастыруға кеңес беріледі. Компьютер вирустары туралы қосымша ақпаратты HP Support Assistant бағдарламасынан қараңыз. Желіаралық қалқан бағдарламалық құралын пайдалану Желіаралық қалқан жүйені немесе желіні рұқсатсыз пайдаланудан қорғау үшін жасалған.
HP Client Security бағдарламасын пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде) HP Client Security бағдарламалық құралы компьютерде алдын ала орнатылып келеді. Осы бағдарламалық құралға тапсырмалар тақтасының немесе Windows басқару тақтасының оң жақ шетіндегі HP Client Security белгішесі арқылы қатынасуға болады. Оның қауіпсіздік мүмкіндіктері компьютер, желілер мен өте маңызды деректерге рұқсатсыз кіруден қорғайды. Қосымша ақпаратты HP Client Security бағдарламалық құралының анықтамасынан қараңыз.
Саусақ ізін оқу құрылғысының орналасуы Саусақ ізін оқу құрылғысы компьютердің төмендегі жерлерінде орналасқан кішкендей темір сенсор: ● Сенсорлы тақтаның төменгі жағының қасында ● Пернетақтаның оң жағында ● Дисплейдің үстіңгі оң жағында ● Дисплейдің сол жағында ● Дисплейдің артқы жағында Өнімнің үлгісіне қарай саусақ ізін оқу құрылғысы көлденеңінен немесе ұзынынан орналасуы мүмкін.
8 Күтім Компьютерді оңтайлы күйде сақтау үшін, оған жүйелі түрде техникалық қызмет көрсету маңызды болып табылады. Бұл тарауда Дискіні дефрагментациялау және Дискіні тазалау құралдарын пайдалану жолдары түсіндіріледі. Сонымен қатар, бағдарламалар мен драйверлерді жаңарту нұсқаулары, компьютерді тазалау жөнінде қадамдар және компьютерді сапарға алып шығуға (немесе оны тасымалдауға) арналған кеңестер қамтамасыз етіледі.
HP 3D DriveGuard бағдарламасын (тек таңдаулы өнімдерде) пайдалану Төмендегі жағдайлардың біреуі орын алса, HP 3D DriveGuard бағдарламасы дискіні өшіру және дерек сұрауларын тоқтату арқылы қатты дискіні қорғайды. ● Сіз компьютеріңізді құлатып алдыңыз. ● Батарея қуатынан қосылып тұрған компьютерді оның дисплейі жабулы күйінде жылжытасыз. Бұл оқиғалардың біреуі аяқталғаннан кейінгі қысқа мерзімде HP 3D DriveGuard қатты дискіні қалыпты жұмыс жағдайына қайтарады.
Компьютерді тазалау Компьютерді қауіпсіз түрде тазалау үшін келесі өнімдерді пайдаланыңыз: ● Диметил бензил аммоний хлоридінің 0,3 пайыздық тұнбасы (мысалы, әртүрлі компаниялар шығарған бір рет қолданылатын сүрткіштер түрінде) ● Құрамында спирті жоқ әйнек тазалағыш сұйықтық ● Су және жұмсақ сабын қосылған ерітінді ● Құрғақ микроталшықты тазалау шүберегі немесе күдері (майланбаған жұмсақ антистатикалық шүберек) ● Антистатикалық шүберек майлықтар ЕСКЕРТУ: Компьютерді бір жолға зақымдауы мүмкін қатты
ЕСКЕРТУ: Ішкі бөліктерді зақымдамау үшін, сұйықтықтардың пернелер арасына тамшылап түсуіне жол бермеңіз. ● Сенсорлы тақта, пернетақта немесе тінтуірді тазалау үшін, бұрын аталған тазалау сұйықтықтарының біреуіне суланған жұмсақ микроталшық матаны, күдеріні немесе бір рет қолданылатын майлықты пайдаланыңыз. ● Пернелердің жабысып қалуын болдырмай, пернетақтадан шаңды, талшықтарды және қоқымдарды кетіру үшін түтігі бар қаңылтыр бөтелкедегі қысылған ауаны пайдаланыңыз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ток соғуы, өрт шығуы немесе жабдықтың зақымдануы сияқты қауіпті азайту үшін, компьютерді жабдықтар үшін сатылатын кернеуді түрлендіру жинағы арқылы қоспаңыз.
9 Сақтық көшірме жасау, алдыңғы күйіне қайтару және қалпына келтіру Бұл тарауда төмендегі процестер туралы ақпарат беріледі. Тараудағы ақпарат өнімдер үлгілерінің көбі үшін стандартты процедура болып есептеледі. ● Қалпына келтіру дискісін және сақтық көшірмелерді жасау ● Жүйеңізді бастапқы қалпына келтіру және қалыпқа келтіру Қосымша ақпаратты HP Support Assistant бағдарламасынан қараңыз.
НР қалпына келтіру медиа құралын пайдалану (тек таңдаулы өнімдерде) Мүмкін болса, Recovery бөлімінің және Windows бөлімінің бар-жоғын тексеріңіз. Пуск (Бастау) түймесін тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып, Проводник (Жетектеуші) пәрменін, одан кейін Этот ПК (Осы ДК) пәрменін таңдаңыз. ● Егер компьютерде Windows бөлімі немесе Recovery бөлімі болмаса, қалпына келтіру медиасын қолдау қызметінен алуға болады. Байланыс ақпаратын HP веб-сайтынан табуға болады. http://www.hp.
1. Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында восстановление (қалпына келтіру) сөзін жазып, одан кейін HP Recovery Manager тармағын таңдаңыз. 2. Қалпына келтіру медиа құралын жасау тармағын таңдаңыз, одан кейін экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Жүйені қалпына келтіру қажет болса, ақпаратты HP Recovery Manager арқылы қалпына келтіру (68-бет) бөлімінен қараңыз.
▲ Тапсырмалар тақтасыың іздеу жолағында recovery деп теріп, HP Recovery Manager бағдарламасын таңдаңыз да, Переустановить драйверы и/или приложения (Драйверлерді және/немесе қолданбаларды қайта орнату) параметрін таңдап, экрандағы нұсқауларды орындаңыз. ● Планшеттің Windows бөлімін бастапқы зауыттық мазмұнына қалпына келтіру керек болса, HP Recovery бөліміндегі (тек таңдаулы өнімдерде) жүйені қалпына келтіру опциясын таңдауға немесе HP Recovery медиа құралын пайдалануға болады.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: HP Recovery Manager жеке деректеріңіздің сақтық көшірмелерін автоматты түрде қамтамасыз етпейді. Қалпына келтіруді бастау алдында сақтау керек бүкіл жеке деректердің сақтық көшірмесін жасаңыз. HP Recovery медиа құралының көмегімен төмендегі қалпына келтіру опцияларының бірін таңдауға болады: ЕСКЕРТПЕ: Компьютерде қолданылатын мүмкіндіктер қалпына келтіру процесін бастаған кезде көрсетіледі.
1. Мүмкін болса, барлық жеке файлдардың сақтық көшірмесін жасаңыз. 2. НР қалпына келтіру медиа дискісін салып, компьютерді өшіріп қайта бастаңыз. ЕСКЕРТПЕ: Компьютер HP Recovery Manager бағдарламалық құралын автоматты түрде қайта қоспаса, компьютердің жүктелу тәртібін өзгертіңіз. Компьютердің жүктелу тәртібін өзгерту (70-бет) бөлімін қараңыз. 3. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
1. Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында восстановление (қалпына келтіру) сөзін жазып, одан кейін HP Recovery Manager тармағын таңдаңыз. 2. Удаление раздела восстановления (Қалпына келтіру бөлімін жою) параметрін таңдаңыз да, жалғастыру үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
10 Computer Setup (BIOS), TPM және HP Sure Start Computer Setup (Компьютерді орнату) утилитасын пайдалану Computer Setup немесе BIOS (Basic Input/Output System) жүйедегі бүкіл кіріс және шығыс құрылғыларының (мысалы, диск жетектері, монитор, пернетақта, тінтуір және принтер) арасындағы байланысты басқарады. Computer Setup ішінде орнатылған құрылғылардың параметрлері, компьютердің жүктелу реті және жүйе мен кеңейтілген жадтың көлемі қамтылған.
Computer Setup утилитасында жылжу және таңдау ● Мәзірді немесе мәзір пәрменін таңдау үшін, tab пернесін және пернетақтаның көрсеткі пернелерін пайдаланыңыз, одан кейін enter пернесін басыңыз немесе пәрменді таңдау үшін меңзегіш құрылғыны пайдаланыңыз. ● Жоғары не төмен жылжу үшін, экранның жоғары оң жақ бұрышындағы жоғары не төмен көрсеткілерді пайдаланыңыз немесе пернетақтадағы жоғары не төмен көрсеткі пернелерін басыңыз.
Main (Негізгі) опциясын, одан кейін Save Changes and Exit (Өзгерістерді сақтап шығу) опциясын таңдаңыз және enter пернесін басыңыз. Өзгертулер компьютер қайта іске қосылған кезде күшіне енеді. ЕСКЕРТПЕ: Құпия сөз, қауіпсіздік және тіл параметрлері зауыттың әдепкі параметрлерін сақтағанда өзгертілмейді. BIOS нұсқасын жаңарту BIOS жүйесінің жаңартылған нұсқалары HP веб-торабында бар болуы мүмкін. BIOS жүйесінің жаңарту файлдарының көбі HP веб-торабында SoftPaq деп аталатын қысылған файлдарына салынған.
Тапсырмалар тақтасындағы сұрау белгісінің белгішесін басыңыз. 2. Обновления (Жаңартулар) пәрменін басып, Проверить наличие обновлений и сообщений (Жаңартуларды және хабарларды тексеру) пәрменін басыңыз. 3. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз. 4. Жүктеу аймағында мына қадамдарды орындаңыз: а. Ең соңғы BIOS жаңартуын анықтап, оны қазір компьютерде орнатылған BIOS нұсқасымен салыстырыңыз. Басқа кодтың күні, атауы немесе қосымша ақпаратын жазып алыңыз.
TPM BIOS параметрлері (тек таңдаулы өнімдерде) МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Сенімді платформа модулін (TPM) осы жүйеде іске қоспастан бұрын модульді пайдалану мақсатына сәйкес жергілікті заңдармен, ережелермен және саясаттармен сай келетінін тексеріңіз және қолданылатын барлық рұқсаттар мен лицензияларды алыңыз. Жоғарыда аталған талаптарды бұзатын сенімді платформа модулін (TPM) пайдалану нәтижесінде кез келген сәйкестік мәселелер орын алса, сіз барлық міндеттемелер үшін толығымен жауапты болуы тиіс.
11 HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) пайдалану HP PC Hardware Diagnostics – бірыңғай кеңейтілетін ішкі бағдарламалық құрал интерфейсі (UEFI). Бұл құрал компьютердің аппараттық құралдарының дұрыс жұмыс істейтінін анықтау үшін диагностикалық сынақтарды жүргізуге мүмкіндік береді. Құрал амалдық жүйенің сыртында жұмыс істейді және амалдық жүйенің өзі немесе басқа бағдарламалық құралдар бөліктері туындауы мүмкін аппараттық құралдың ақаулықтарын бөлектейді.
UEFI құралының ең соңғы нұсқасын жүктеп алу 1. http://www.hp.com/go/techcenter/pcdiags веб-торабына өтіңіз. HP PC Diagnostics басты беті көрсетіледі. 2. HP PC Hardware Diagnostics бөліміндегі Загрузка (Жүктеу) сілтемесін басып, Выполнить (Орындау) пәрменін таңдаңыз. Белгілі бір өнімге арналған кез келген UEFI нұсқасын жүктеп алу 1. http://www.hp.com/support веб-торабына өтіңіз. 2. Загрузка ПО и драйверов (Бағдарламалық құрал мен драйверлерді жүктеп алу) қойыншасын таңдаңыз. 3.
Remote HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) құралын қашықтағы диагностикаға серверді теңшеу немесе орындалатын диагностика сынақтарын реттеу үшін пайдалану туралы құжаттарды ашу үшін http://www.hp.com/support веб-сайтына өтіңіз. Найдите свое устройство (Құрылғыңызды табыңыз) қойыншасын таңдаңыз, одан кейін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
12 Техникалық сипаттамалар Тұтынылатын қуат Егер сіз компьютерді алып, халықаралық саяхат жасауды жоспарласаңыз, осы бөлімде берілген қуат туралы ақпарат пайдалы болуы мүмкін. Компьютер айнымалы немесе тұрақты ток көзінен келетін тұрақты ток арқылы жұмыс істейді. Айнымалы ток көзі 100–240 В, 50–60 Гц шамасында болуы керек. Компьютер бөлек тұрақты ток көзінен жұмыс жасаса да, ол тек НР компаниясы берген және осы компьютерге қолдану үшін ұсынған айнымалы ток адаптері немесе тұрақты ток көзіне қосылуы керек.
13 Электростатикалық разряд Электростатикалық ток соғу — екі зат қатынасқа түскен кезде статикалық электр тогының соғуы, мысалы, кілем үстінде тұрып есіктің темір тұтқасын ұстағаннан болатын ток соғу. Саусақтар немесе басқа электростатикалық разряд өткізгіштерінен шығатын статикалық электр қуатының разряды электрондық бөліктерге зақым келтіруі мүмкін.
14 Қолжетімділік HP мүмкіндіктері шектеулі адамдарды қоса барлығы пайдалана алатын өнімдер мен қызметтерді оқшаулы түрде немесе тиісті көмекші құрылғылармен жасақтайды, өндіреді және нарыққа шығарады. НР өнімдерінде бар арнайы мүмкіндіктер туралы ақпаратты ашу үшін http://www.hp.com/ accessibility сілтемесін басыңыз.
Индекс А Автоматты DriveLock 51 ажырату 52 қосу 51 Автоматты DriveLock құпия сөзі енгізу 53 ажыратымдылығы жоғары құрылғылар, жалғау 35, 38 арнайы пернелер, пайдалану 14 астыңғы жағы 19 аудио 32 HDMI 36 гарнитуралар 33 дыбыс параметрлері 33 дыбысты деңгейін реттеу 15 құлақаспаптар 32 үндеткіштер 32 аудио шығыс (құлақаспап)/aудио кіріс (микрофон) біріккен ұясы, анықтау 5 Ә әкімші құпия сөзі 48 әрекет пернелері 15 анықтау 15 дыбысты өшіру 15 құпиялылық экраны 15 пайдалану 15 пернетақтаның артқы жарығы 15 сымс
жүйені қалпына келтіру нүктелері, жасау 65 жүйені қалпына келтіру нүктесі жасау 67 жүктеу реті f9 жылдам пернесінің көмегімен өзгерту 75 өзгерту 70 жылдам пернелер, пайдалану 16 З зауытта пломбаланған батарея 45 К камера 8 анықтау 8 пайдалану 32 камера шамы, анықтау 8 компьютерді қорғау 62 компьютерді өшіру 42 компьютерді сапарға алып шығу 19, 63 компьютерді тазалау 62 компьютерді тасымалдау 63 корпоративтік WLAN қосылымы 22 Күту қосу 42 өте төмен батарея деңгейі кезінде қосылады 45 шығу 42 күтім HP 3D Driv
USB Type-C 39 USB Type-C SuperSpeed 6 USB Type-C SuperSpeed порты және DisplayPort 34 USB Type-C Thunderbolt 35 С сақтық көшірмелер 65 саусақ іздері, тіркеу 56 саусақ ізін оқу құрылғысы 58 саусақ ізін оқу құрылғысы, анықтау 13 Сенсорлы тақта пайдалану 28 түймешіктер 9 Сенсорлы тақта аймағы анықтау 9 Сенсорлы тақтадағы/сенсорлы экрандағы түрту қимылы 28 Сенсорлы тақтадан екі саусақты сырғыту қимылы 29 Сенсорлы тақта және сенсорлы экран қимылдары екі саусақ көмегімен қысып масштабтау 28 түрту 28 Сенсорлы тақт
жылжу және таңдау 73 зауыттық параметрлерді қалпына келтіру 73 D DisplayPort, USB Type-C портын анықтау 6 DriveLock ажырату 55 қосу 54 сипаттама 53 DriveLock басты құпия сөзі* өзгерту 56 Drivelock құпия сөзі енгізу 55 өзгерту 56 параметрлер 54 E esc пернесі, анықтау 14 F fn құлпы шамы 11 fn пернесі, анықтау 14 G GPS 23 H HDMI аудио, реттеу 36 HDMI порты қосылу 35 HDMI порты, анықтау 5 HP 3D DriveGuard 61 HP Client Security 58 HP LAN-WLAN қорғанысы 26 HP MAC Address Manager 27 HP Mobile Connect қызметі 23 HP