User's Guide
Оң жағы
ЕСКЕРТПЕ: Компьютерге ұқсас суретті қараңыз.
Бөлік Сипаттама
(1) SIM картасының ұясы немесе жалғағышы Сымсыз абонентті анықтау модулі (SIM) картасын немесе
жалғағышын қолдайды.
ЕСКЕРТПЕ: Барлық үлгілердің SIM картасының ұясы және
белгішесі бар. Бірақ HP Мобильді кең жолақты модулі және
зауытта орнатылған сымсыз WWAN құрылғысы жоқ үлгілер
ұясына енгізілгенін алынбайтын жалғағышпен жеткізіледі.
(2) Аудио шығыс (құлақаспап) ұясы/Аудио кіріс
(микрофон) біріккен ұясы
Токқа қосылатын қосымша стерео үндеткіштер,
құлақаспаптар, тығын тәріздес құлақаспаптар, гарнитура
немесе теледидар дыбыс кабелі қосылады. Сонымен қатар,
қосымша гарнитура микрофонын қосады. Бұл ұяшық
қосымша автономды микрофонды қолдамайды.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін,
құлақаспаптар, тығын тәріздес құлақаспап немесе
гарнитураны киер алдында, дыбыс деңгейін реттеңіз.
Қосымша қауіпсіздік ақпаратын алу үшін, Заңды, қауіпсіздік
және қоршаған орта ескертпелерін қараңыз.
Бұл нұсқаулықты пайдалану үшін:
▲ Пуск (Бастау) түймесін басып, Справка и поддержка
НР (НР анықтамасы және қолдау), одан кейін
Документация НР (НР құжаттары) тармақтарын
таңдаңыз.
– немесе –
▲ Пуск (Бастау) түймесін басып, НР, одан кейін
Документация НР (НР құжаттары) тармақтарын
таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Құрылғы ұяға қосылған кезде, компьютер
үндеткіштері ажыратылады.
(3) USB 3.x SuperSpeed порты Ұялы телефон, камера, әрекет бақылағышы немесе смарт
сағат сияқты USB құрылғысын жалғап, деректерді жоғары
жылдамдықпен беруді қамтамасыз етеді.
(4) HDMI порты Ажыратымдылығы жоғары теледидар немесе кез келген
сыйысымды сандық не аудио компоненті сияқты қосымша
видео не аудио құрылғыны, сондай-ақ жылдамдығы
жоғары HDMI құрылғысын қосады.
(5) RJ-45 (желі) ұясы/күй шамдары Желілік кабелді қосады.
● Жасыл (сол жақта): желі қосылған.
Оң жағы 5