User's Guide
2. Желілік кабелдің екінші ұшын желінің қабырға ұясына (2) немесе жол жоспарлағышқа жалғаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Желі кабелінің теледидар мен радио кедергілерінен қорғайтын кедергілерді басу
схемасы (3) бар болса, кабельдің осы схема орналасқан ұшын компьютерге қарай бағыттаңыз.
HP LAN-WLAN қорғанысы мүмкіндігін (тек таңдаулы өнімдерде) пайдалану
LAN ортасында LAN желісін рұқсатсыз кіруден қорғау үшін HP LAN-WLAN қорғанысы мүмкіндігінің
параметрлерін орнатуға болады. HP LAN WLAN қорғанысы қосылған кезде, LAN желісіне қосылған
компьютерде WLAN (Wi-Fi) қызметі өшіріледі.
HP LAN-WLAN қорғанысы мүмкіндігін қосу және теңшеу
1. Желі кабелін компьютер, қосымша қондыру құрылғысы немесе кеңейту құралындағы желі
ұясына жалғаңыз.
2. Computer Setup (Компьютерді орнату) утилитасын бастаңыз.
● Пернетақтасы бар компьютерлер немесе планшеттерді пайдалану кезінде:
▲ Computer Setup утилитасын ашу үшін, компьютерді қосыңыз немесе компьютерді
өшіріп қайта іске қосыңыз және НР логотипі экранға шыққанда f10 пернесін басыңыз.
● Пернетақтасы жоқ планшеттерді пайдалану кезінде:
▲ Планшетті қосып немесе өшіріп қайта бастаңыз және Бастау мәзірі экранға шыққанша
дыбысты азайту түймесін тез басып ұстап тұрыңыз. Computer Setup утилитасына кіру
үшін f10 пернесін түртіңіз.
3. Advanced (Қосымша), одан кейін Built-in Device Options (Кірістірілген құрылғы параметрлері)
пәрмендерін таңдаңыз.
4. LAN желісіне қосылған кезде, WLAN қосылыстарын өшіру үшін LAN/WLAN Auto Switching (LAN/
WLAN автоматты ауысу) құсбелгісін алып тастаңыз.
5. Өзгертулерді сақтап, Computer Setup утилитасынан шығу үшін, экранның төменгі сол жақ
бұрышында орналасқан Save (Сақтау) белгішесін басып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
– немесе –
Main (Негізгі) опциясын, одан кейін Save Changes and Exit (Өзгерістерді сақтап шығу) опциясын
таңдаңыз және enter пернесін басыңыз.
26 3-тарау Желі қосылымдары