User's Guide

USB Type-C кабелі арқылы Thunderbolt құрылғысын жалғау (тек таңдаулы
өнімдерде)
ЕСКЕРТПЕ: USB Type-C Thunderbolt құрылғысын компьютерге жалғау үшін бөлек сатылатын USB
Type-C кабелі қажет болады.
Бейне немесе ажыратымдылығы жоғары дисплей шығысын сыртқы Thunderbolt құрылғысында қарау
үшін Thunderbolt құрылғысын мына нұсқауларға сәйкес жалғаңыз:
1. USB Type-C кабелінің бір ұшын компьютердегі USB Type-C Thunderbolt портына жалғаңыз.
2. Кабельдің екінші ұшын сыртқы Thunderbolt құрылғысына жалғаңыз.
3. Компьютер экранындағы кескінді 4 түрлі көрсету күйіне ауыстырып қосу үшін, fn+f1 пернелер
тіркесімін басыңыз.
ДК экраны ғана: экрандағы кескінді тек компьютерден көру.
Қайталау: экрандағы кескінді бір уақытта компьютер мен сыртқы құрылғының екеуінен де
көру.
Кеңейту: экрандағы кескінді компьютер мен сыртқы құрылғының екеуінен көру.
Екінші экран ғана: экрандағы кескінді тек сыртқы құрылғыдан көру.
fn+f1 пернелер тіркесімі басылған сайын, көрсету күйі өзгереді.
ЕСКЕРТПЕ: Жақсы нәтиже үшін, егер «Расширить» (Кеңейту) опциясы таңдалған болса, сыртқы
құрылғының экран ажыратымдылығын мына жолмен реттеңіз. Тапсырмалар тақтасының іздеу
жолағында панель управления (басқару тақтасы) деп жазып, Панель управления (Басқару
тақтасы) опциясын, одан кейін Оформление и персонализация (Безендіру және даралау)
опциясын таңдаңыз. Дисплей ішінен Настройка разрешения (Ажыратымдылықты реттеу)
параметрін таңдаңыз.
Бейне құрылғыларын HDMI кабелі арқылы қосу (тек таңдаулы үлгілерде)
ЕСКЕРТПЕ: HDMI құрылғысын компьютерге жалғау үшін бөлек сатылатын HDMI кабелі қажет болады.
Бейнені пайдалану 35