User's Guide

UEFI құралының ең соңғы нұсқасын жүктеп алу
1. http://www.hp.com/go/techcenter/pcdiags веб-торабына өтіңіз. HP PC Diagnostics басты беті
көрсетіледі.
2. HP PC Hardware Diagnostics бөліміндегі Загрузкаүктеу) сілтемесін басып, Выполнить (Орындау)
пәрменін таңдаңыз.
Белгілі бір өнімге арналған кез келген UEFI нұсқасын жүктеп алу
1. http://www.hp.com/support веб-торабына өтіңіз.
2. Загрузка ПО и драйверовағдарламалық құрал мен драйверлерді жүктеп алу) қойыншасын
таңдаңыз.
3. Өнім атауын немесе нөмірін енгізіңіз.
4. Компьютер үлгісін және амалдық жүйе түрін таңдаңыз.
5. Diagnostic (Диагностика) бөлімінде қажетті UEFI нұсқасын таңдау және жүктеп алу үшін
экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Remote HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) параметрлерін (тек
таңдаулы өнімдерде) пайдалану
Компьютер Remote HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) құралына қолдау көрсетеді. Бұл компьютерге HP
PC Hardware Diagnostics UEFI құралын жүктеп алатын шағын бағдарлама (BIOS) мүмкіндігі.
Ол компьютерде диагностиканы орындап, нәтижелерін алдын ала теңшелген серверге кері жүктеуі
мүмкін.
Компьютер параметрлерін реттеу (BIOS) ішіндегі Remote HP PC Hardware Diagnostics параметрі арқылы
мына теңшеуді орындауға болады:
Диагностиканы қадағалаусыз орындау кестесін орнатыңыз. Сондай-ақ диагностиканы
интерактивтік режимде бірден бастау үшін Execute Remote HP PC Hardware Diagnostics
(Қашықтан жүргізілетін НР ДК аппараттық құралдарын диагностикалау) опциясын таңдаңыз.
Диагностикалау құралдарын жүктеп алу орнын орнатыңыз. Бұл мүмкіндік HP веб-сайтындағы
немесе пайдалануға алдын ала теңшелген сервердегі құралдарға қатынасты береді. Компьютер
қашықтағы диагностиканы орындау үшін дәстүрлі жергілікті жад құрылғысын (мысалы,
жинақтағыш диск немесе USB флэш-жад құралы) талап етпейді.
Тексеру нәтижелерін сақтау орнын орнатыңыз. Әрі кері жүктеу үшін пайдаланылатын
пайдаланушы аты және құпия сөз параметрлерін орнатуға болады.
Бұрын орындалған диагностика туралы күйі ақпаратын көрсетіңіз.
Remote HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) параметрлерін теңшеу
1. Computer Setup утилитасын ашу үшін, компьютерді қосыңыз немесе компьютерді өшіріп қайта
іске қосыңыз және НР логотипі экранға шыққанда f10 пернесін басыңыз.
2. Дополнительно (Қосымша), одан кейін Параметры (Параметрлер) опциясын таңдаңыз.
3. Теңшеу таңдауларын жасаңыз.
4. Параметрлерді сақтау үшін Негізгі опциясын, кейін Өзгерістерді сақтау және шығу опциясын
таңдаңыз.
Өзгертулер компьютер қайта іске қосылған кезде күшіне енеді.
78 11-тарау HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) пайдалану