Жабдықтың анықтамалық нұсқаулығы
© Copyright 2018, 2019 HP Development Company, L.P. Осы жердегі мәліметтер ескертусіз өзгертілуі мүмкін. HP өнімдері мен қызметтеріне кепілдік тек осындай өнімдермен және қызметтермен бірге келетін тікелей кепілдік мәлімдемелерінде беріледі. Осы құжаттағы ешнәрсе қосымша кепілдік деп түсіндірілмеуі тиіс. HP компаниясы осы құжаттағы техникалық немесе редакторлық қателер, не болмаса қалып кеткен мәліметтер үшін жауапты емес. Үшінші шығарылым: маусым, 2019 ж. Бірінші басылым: мамыр, 2018 ж.
Осы нұсқаулық туралы Бұл нұсқаулық компьютер үлгісін жаңарту туралы негізгі ақпаратты қамтамасыз етеді. АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Алды алынбаса, ауыр жарақатқа немесе өлім жағдайларына себеп болуы мүмкін болатын қауіпті жағдайды көрсетеді. ЕСКЕРТУ: Алды алынбаса, өлім жеңіл немесе орташа жарақатқа себеп болуы мүмкін болған қауіпті жағдайды көрсетеді. МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Маңызды, бірақ қауіпті емес ақпаратты көрсетеді (мысалы, мүліктік залалға қатысты хабарлар).
iv Осы нұсқаулық туралы
Maзмұны 1 Өнім мүмкіндіктері ...................................................................................................................................... 1 Стандартты конфигурациялау мүмкіндіктері ................................................................................................... 1 Алдыңғы тақта құрамдас бөлшектері .............................................................................................................. 2 Артқы тақта құрамдас бөлшектері ........................
қосымшасы а Батарея ауыстыру .................................................................................................................. 48 қосымшасы ә Электр статикалық разряд ..................................................................................................... 52 Электр статикалық разрядты болдырмау ...................................................................................................... 52 Жерге қосу әдістері ............................................................
HP сілтемелері .................................................................................................................................. 61 Қолдау қызметіне хабарласу ........................................................................................................................... 61 Индекс ..........................................................................................................................................................
viii
1 Өнім мүмкіндіктері Стандартты конфигурациялау мүмкіндіктері Мүмкіндіктер үлгіге байланысты әр түрлі болуы мүмкін. Компьютеріңіздің үлгісінде орнатылған құрал және бағдарламалық құрал туралы көбірек білу үшін және қолдау көмекшісін ашу үшін HP Support Assistant қызметтік бағдарламасын іске қосыңыз. ЕСКЕРТПЕ: болады.
Алдыңғы тақта құрамдас бөлшектері Драйв конфигурациясы үлгіге қарай әр түрлі болады. Кейбір үлгілерде бір немесе бірнеше драйв саңылауын жабатын қақпақша болады.
Артқы тақта құрамдас бөлшектері Кесте 1-2 Артқы тақта бөліктері Құрамдас бөлшектері Құрамдас бөлшектері 1 Қосылған аудио құрылғылардың аудио шығыс ұяшығы 6 Аудио кіріс ұясы 2 Dual-Mode DisplayPort қосқыштары (2) 7 RJ-45 (желі) ұясы 3 Қосымша порт 8 Сериялық порт (қосымша) 4 USB порттары (2) 9 Қуат сымының қосқышы 5 USB SuperSpeed порттары (4) ЕСКЕРТПЕ: Үлгіде HP компаниясының қосымша порттары болуы мүмкін.
Сериялық нөмір орны Әрбір компьютерде компьютердің сыртында орналасқан сериялық нөмір және өнімнің жеке анықтағыш нөмірі бар. Тұтынушыларға қолдау көрсету орталығынан көмек алу үшін қоңырау шалған кезде, осы нөмірді дайындап отырыңыз.
2 Құрылғы жаңартулары Қызмет көрсету функциялары Бұл компьютердің жаңартуды және қызмет көрсетуды жеңілдететін функциялары бар. Torx T15 немесе жалпақ ұшты бұрауыш осы тарауда сипатталған кейбір орнату процедуралары үшін қажет. Ескертулер мен сақтандырулар Жаңартуларды орындау үшін алдымен осы нұсқаулықта берілген барлық қолданыс нұсқауларын, сақтандыруларды және ескертулерді оқып шығыңыз.
Бөлшектеуге дайындалу 1. Компьютерді ашуға тиым салатын барлық қауіпсіздік құралдарын алып тастаңыз/істен шығарыңыз. 2. Компьютерден шағын дискілер және USB флэш-жад құралдары сияқты барлық алынатын құралдарды алып тастаңыз. 3. Компьютерді операциялық жүйе арқылы дұрыс өшіріп, одан кейін барлық сыртқы құрылғыларды өшіріңіз. 4. Қуат сымын розеткадан ажыратып, барлық сыртқы құрылғыларды ажыратыңыз.
Компьютердің алынбалы панелін ауыстыру Кіру панелін босату тетігінің орнына құлыпталғанына көз жеткізіп, кіру панелін компьютерге орналастырыңыз (1) және панельді алға қарай сырғытыңыз (2). Босату тетігі автоматты түрде оң жаққа қайта жылжиды және кіру панелін бекітеді. Алдыңғы жапқышын алу 1. Бөлшектеуге дайындаңыз. Бөлшектеуге дайындалу (6-бет) бөлімін қараңыз. 2. Компьютердің алынбалы панелін алыңыз. Компьютердің алынбалы панелін алу (6-бет) бөлімін қараңыз. 3.
Бітеуіш жапқыштарды алу Кейбір үлгілерде жапқыштың беткі тақталары оптикалық диск ұяларын жабады. Оптикалық дискіні орнатпас бұрын жапқыштың беткі тақтасын алып тастау керек. Бітеуіш жапқышты алу үшін: 8 1. Бөлшектеуге дайындаңыз. Бөлшектеуге дайындалу (6-бет) бөлімін қараңыз. 2. Алынбалы панелін алыңыз. Компьютердің алынбалы панелін алу (6-бет) бөлімін қараңыз. 3. Алдыңғы жапқышты алыңыз. Алдыңғы жапқышын алу (7-бет) бөлімін қараңыз.
4. 5,25 дюймдік оптикалық диск жапқышының беткі тақтасын алып тастау үшін беткі тақтаның оң жағындағы екі қойыншаны ішке қарай басып (1), беткі тақтаны алдыңғы жапқыштан айналдырып шығарыңыз (2). Жіңішке оптикалық диск жапқышының беткі тақтасын алып тастау үшін беткі тақтаның оң жағындағы қойыншаны ішке қарай басып (1), беткі тақтаны алдыңғы жапқыштан айналдырып шығарыңыз (2) және беткі тақтаның сол жағын алдыңғы жапқыштағы ұядан сырғытып шығарыңыз (3).
Алдыңғы жапқышын ауыстыру Жапқыштың төменгі жағындағы үш ілмекті шассидің тіктөртбұрыш ойықтарына енгізіп (1), жапқыштың жоғарғы жағын шассиге бұраңыз (2) және оны орнына сырт еткізіп қойыңыз. Қосымша алдыңғы жапқыштың шаң сүзгісін алып тастау және орнату Кейбір үлгілер қосымша алдыңғы жапқыштың шаң сүзгісімен жабдықталған. Шаң сүзгісінде жиналған шаң компьютерге келетін ауа ағымына кедергі болмауы үшін шаң сүзгісін мерзімді түрде тазалап тұру керек.
2. Шаң сүзгісі алып тастау үшін сүзгіні төменде көрсетілген қойынша орындарындағы алдыңғы жапқыштан саусағыңызбен ажыратыңыз. 3. Сүзгідегі шаңды сүрту үшін жұмсақ қылшақты немесе шүберекті пайдаланыңыз. Егер сүзгі өте ластанса, сүзгіні сумен шайыңыз және жақсылап құрғатыңыз. 4. Шаң сүзгісін ауыстыру үшін сүзгіні төменде көрсетілген қойынша орындарындағы алдыңғы жапқышқа қатты басыңыз. 5. Қуат сымын және сыртқы құралдарды қайта жалғап, компьютерді қосыңыз.
Жүйе тақтасының жалғаулары Үлгіңізге арналған жүйе тақтасын анықтау үшін келесі суреттер мен кестелерді қараңыз. Кесте 2-1 Жүйе тақтасының жалғаулары 12 Эле мен т Жүйелік тақта қосқышы Жүйе тақтасының жапсырмасы Түсі Бөлік 1 PCI Express ×16 берілісі ×4 беріліске төмендетілген X4PCIEXP Ақ Кеңейту картасы 2 PCI Express ×1 X1PCIEXP2 Қара Кеңейту картасы 3 PCI Express ×1 X1PCIEXP1 Қара Кеңейту картасы 4 PCI Express ×16 X16PCIEXP Қара Кеңейту картасы 5 SATA 3.
Кесте 2-1 Жүйе тақтасының жалғаулары (жалғасы) Эле мен т Жүйелік тақта қосқышы Жүйе тақтасының жапсырмасы Түсі Бөлік 15 SATA 3.0 SATA0 Қою көк Негізгі қатты диск 16 SATA 3.0 SATA2 Ашық көк Негізгі қатты дисктен басқа кез келген SATA құрылғысы Жүйе жадын жаңарту Компьютер 4 синхронды динамикалық ерікті жетімділік жады (DDR4-SDRAM) орнатылған жад модульдерімен (DIMM құралдар) жабдықталған. Жүйелік тақтадағы жад ұяшықтары кемінде бір алдын ала орнатылған жад модулімен толтырылады.
● Егер А арнасындағы DIMM жадының толық сыйымдылығы В арнасындағы DIMM жадының толық сыйымдылығына тең болмаса, жүйе икемді режимінде жұмыс істейді. Икемді жүйесінде ең аз жад мөлшері бар арна қос арнаға тағайындалған толық жад мөлшерін және жалғыз арнаға тағайындалған қалдықты сипаттайды. Оңтайлы жылдамдық үішн, арналар жадтың үлкен көлемінің екі арналар араларында таралатындай теңестірілуі қажет. Егер бір арнаның жады басқасынан қарағанда артық болса, үлкендеу мөлшері А арнасына тағайындалуы тиіс.
3. Жад модулінің ұяшығының қос ысырмасын (1) ашыңыз да, жад модулін ұяшыққа (2) салыңыз. Модульдің толығымен енгізіліп, дұрыс орнатылғанына көз жеткізіп, модульді ұяшығына басыңыз. Ысырмалардың жабық күйде екенін (3) тексеріңіз. ЕСКЕРТПЕ: Жад модулін тек бір жолмен орнатуға болады. Модульдің кертпелерін жад ұяшығының ілгегіне дәлдеңіз. Ақ түсті DIMM ұяшықтарынан бұрын қара түсті DIMM ұяшықтарын толтырыңыз.
1. Бөлшектеуге дайындаңыз. Бөлшектеуге дайындалу (6-бет) бөлімін қараңыз. 2. Компьютердің алынбалы панелін алыңыз. Компьютердің алынбалы панелін алу (6-бет) бөлімін қараңыз. 3. Дұрыс бос кеңейту ұяшығын жүйе тақтасына және сәйкес кеңейту ұяшығын компьютер шассиінің артына орналастырыңыз. 4. Кертпенің тартқышын көтеріп және кертпені ашық жағына қарай айналдыру арқылы ұяшық қақпағының тіреуішін босатыңыз. 5. Кеңейту саңылауының қақпағын немесе қолданыстағы кеңейту картасын алып тастаңыз.
● Басқа екі ұя қақпағын бұрауышпен алып тастау керек. Бұрауышты ұя қақпағының артындағы ұяларына енгізіңіз (1) және шассиден босату үшін ұя қақпағын артқа және алға қозғаңыз (2).
ә. PCI Express ×1 кәртішкесін алып тастап жатқан болсаңыз, кәртішкені әрбір ұшынан ұстап, ақырын кері шайқаңыз да, қосқыштар ұядан босағанша күшпен тартыңыз. Кеңейту картасын корпустың (2) ішкі жағынан шығарып алу үшін жоғары қарай тіке (1) көтеріңіз. Картаны басқа бөлшектеріне соғып алмаңыз. б. Егер PCI Express ×16 картасын алу қажет болса, кеңейту ұяшығының артындағы ұстағышын картадан (1) тартып алыңыз да, картаны ұяшықтан шыққанша абайлап артқа және алға қозғаңыз.
7. Егер жаңа кеңейту картасын салу қажет болмаса, ашық ұяшықты жабу үшін, ұяшықтың қақпағын орнатыңыз. МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Кеңейту картасын алған соң, жұмыс кезінде ішкі бөлшектерінің дұрыс салқындауы үшін, орнына жаңа карта салу қажет немесе қақпағын жабу қажет. 8. Жартылай бойындағы кеңейту картасын орнату үшін картаны жүйелік картаның кеңейту ұяшығының үстіне тақап ұстап тұрып, карта ұстағышының асты шассидің кішкентай ойығына сырғуы үшін картаны шассидің артына қарай жылжытыңыз (1).
20 ә. Диск ұясын жоғары айналдырыңыз. б. Кеңейту картасын барлық бойымен орнату үшін картаны жүйелік картаның кеңейту ұяшығының үстіне тақап ұстап тұрып, карта ұстағышының асты шассидің кішкентай ойығына сырғуы үшін картаны шассидің артына қарай жылжытыңыз (1). Картаны жүйе тақтасындағы кеңейту ұяшығына (2) төмен қарай тура басыңыз.
в. Диск ұясын төмен айналдырыңыз. г. Қуат және деректер кабельдерін диск ұясындағы дискілердің артына жалғаңыз. 10. Кеңейту картасын сақтандыру үшін ұяшық қақпағының ұстағышын айналдырып орнына қойыңыз. 11. Қажет болса, орнатылған картаға сыртқы кабельдерді жалғаңыз. Қажет болса, жүйе тақтасына сыртқы кабельдерді жалғаңыз. 12. Компьютердің алынбалы панелін ауыстырыңыз. 13. Қуат сымын және сыртқы құралдарды қайта жалғап, компьютерді қосыңыз. 14.
Диск орындары Кесте 2-2 Диск орындары Диск орындары 1 5,25 дюймдік жартылай биіктіктегі диск саңылауы 2 2,5 дюймдік қатты диск саңылауы 3 3,5 дюймдік екінші қатты диск орны 4 9,5 мм жіңішке оптикалық дискінің ұясы 5 3,5 дюймдік бастапқы қатты диск орны ЕСКЕРТПЕ: Компьютеріңіздегі драйв конфигурациясы жоғарыда көрсетілген драйв конфигурациясынан бөлек болуы мүмкін.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: болдырмау үшін: Жұмысты жоғалтып алудың және компьютер немесе драйвтың бүлінуін Егер драйвты салсаңыз немесе алсаңыз, жұмыс жүйесін дұрыстап өшіріңіз, компьютерді өшіріңіз және қуат сымын ажыратыңыз. Компьютер қосылып тұрғанда немесе күту режимінде тұрғанда драйвты қозғамаңыз. Дискпен жұмыс істер алдында статикалық тоқтан аулақ екеніңізді тексеріңіз. Драйвпен жұмыс кезінде қосқышты қозғамаңыз.
5. Жасыл DriveLock механизмін оптикалық дискіге қарай сырғытып (1), дискіні диск ұясынан сырғытып шығарыңыз (2). 5,25 дюймдік дискіні салу 24 1. Бөлшектеуге дайындаңыз. Бөлшектеуге дайындалу (6-бет) бөлімін қараңыз. 2. Компьютердің алынбалы панелін алыңыз. Компьютердің алынбалы панелін алу (6-бет) бөлімін қараңыз. 3. Алдыңғы жапқышты алыңыз. Егер дискіні бітеуіш жапқышпен жабылған саңылау ішіне орнататын болсаңыз, бітеуіш жапқышты алыңыз.
4. Егер оптикалық дискіні орнатып жатсаңыз, төрт M3 метрикалық бекіту бұрандасын (бірге жеткізілмейді) дискінің жан-жағындағы төменгі ойықтарына орнатыңыз. ЕСКЕРТПЕ: Оптикалық дискіні ауыстырған кезде төрт M3 метрикалық бекіту бұрандасын ескі дискіден алып, жаңа дискіге салыңыз. МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Бекіту бұрандалары ретінде тек ұзындығы 5 мм бұрандаларды пайдаланыңыз. Одан ұзынырақ бұрандалар драйвердің ішкі бөлшектеріне зақым келтіруі мүмкін. 5.
6. Диск орнына түскенше бекіту бұрандаларын бекіту ойықтарымен туралап, дискіні диск ұясына сырғытыңыз. 7. Оптикалық дискінің артынан қуат сымын (1) және дерек кабелін (2) қосыңыз. 8. Дерек кабелінің басқа ұшын жүйе тақтасындағы ашық-көк SATA қосқыштарына жалғаңыз. ЕСКЕРТПЕ: Жүйе тақтасының диск жалғағыштарының суретін мына жерден қараңыз: Жүйе тақтасының жалғаулары (12-бет). 9. Алдыңғы жапқыш пен компьютердің алынбалы панелін ауыстырыңыз. 10.
1. Бөлшектеуге дайындаңыз. Бөлшектеуге дайындалу (6-бет) бөлімін қараңыз. 2. Компьютердің алынбалы панелін алыңыз. Компьютердің алынбалы панелін алу (6-бет) бөлімін қараңыз. 3. Қуат кабелін (1) және деректер кабелін (2) дискінің артқы жағынан ажыратыңыз. МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Кабельдерді алатын кезде, кабельдің зақым алуын болдырмау үшін кабель орнына тартқыш немесе қосқышты алыңыз. 4.
9,5 мм жіңішке оптикалық дискіні орнату 28 1. Бөлшектеуге дайындаңыз. Бөлшектеуге дайындалу (6-бет) бөлімін қараңыз. 2. Компьютердің алынбалы панелін алыңыз. Компьютердің алынбалы панелін алу (6-бет) бөлімін қараңыз. 3. Жіңішке оптикалық дискін жапқышы бар ұяшыққа орналастырсаңыз, алдыңғы панелін алып, одан кейін ұяшықтың қақпағын алыңыз. Қосымша ақпарат алу үшін Бітеуіш жапқыштарды алу (8-бет) бөлімін қараңыз. 4.
5. Дискінің артындағы ысырманың орнына түсуі үшін (1) оптикалық дискіні алдыңғы жапқыш бойымен ұяға барынша сырғытыңыз (2). 6. Оптикалық дискінің артынан қуат сымын (1) және дерек кабелін (2) қосыңыз. 7. Дерек кабелінің басқа ұшын жүйе тақтасындағы ашық-көк SATA қосқыштарына жалғаңыз. ЕСКЕРТПЕ: Жүйе тақтасының диск жалғағыштарының суретін мына жерден қараңыз: Жүйе тақтасының жалғаулары (12-бет). 8. Алдыңғы бітеуіш жапқыш алынған болса, орнына салыңыз. 9. Компьютердің алынбалы панелін ауыстырыңыз.
3,5 дюймдік қатты дискіні алу ЕСКЕРТПЕ: Ескі қатты драйвты алғанға дейін, деректі жаңа қатты драйвқа өзгерте алатындай ескі қатты драйвтағы деректердің көшірмесін жасағаныңызға сенімді болыңыз. 30 1. Бөлшектеуге дайындаңыз. Бөлшектеуге дайындалу (6-бет) бөлімін қараңыз. 2. Компьютердің алынбалы панелін алыңыз. Компьютердің алынбалы панелін алу (6-бет) бөлімін қараңыз. 3. Қатты драйвтың артқы жағынан қуат сымын (1) және дерек кабелін (2) ажыратыңыз. 4. Диск ұясын жоғары айналдырыңыз.
5. Босату қойыншасын дискіден тартып шығарып (1) және дискіні ұядан сырғытып шығарып (2), дискіні алып тастаңыз. 6. Төрт бекіту бұрандасын (әр жағында екеуден) ескі дискіден алып тастаңыз. Осы бұрандалар жаңа дискіні орнатқан кезде қажет болады. 3,5 дюймдік қатты дискіні орнату 1. Бөлшектеуге дайындаңыз. Бөлшектеуге дайындалу (6-бет) бөлімін қараңыз. 2. Компьютердің алынбалы панелін алыңыз. Компьютердің алынбалы панелін алу (6-бет) бөлімін қараңыз.
3. Стандартты 6-32 күміс түстес-көк бекіту бұрандаларымен бекіту бұрандаларын қатты дискінің бүйірлеріне орнатыңыз. ЕСКЕРТПЕ: 6-32 бекіту бұрандаларын HP дүкенінен сатып алуға болады. Егер дискіні ауыстырсаңыз, ескі дискідегі бекіту бұрандаларын жаңа дискіге салыңыз. ● Төрт күміс түстес-көк 6-32 бекіту бұрандасын (дискінің әр жағында екеуден) орнатыңыз. ● Сонымен қатар, 2,5 дюймдік қатты дискіні 3,5 дюймдік диск саңылауына төменде көрсетілген үлгіге ұқсас адаптер арқылы орната аласыз.
– Төрт қара M3 адаптер ұстағышының бұрандасын ұстағыштың астымен дискіге орнатып, дискіні ұя адаптерінің ұстағышына бекітіңіз. – Төрт 6-32 күміс түстес және көк бекіту бұрандаларын адаптер ұстағышына орнатыңыз (ұстағыштың әр жағында екеуден).
34 4. Диск ұясын жоғары айналдырыңыз. 5. Диск орнына түскенше бекіту бұрандаларын бекіту ойықтарымен туралап, дискіні диск ұясына сырғытыңыз.
6. Диск ұясын төмен айналдырыңыз. 7. Қуат кабелін (1) және дерек кабелін (2) қатты драйвтың артына жалғаңыз. 8. Жаңа драйв орнатар болсаңыз, дерек кабелінің қарама-қарсы шетін сәйкес жүйе тақтасының қосқышына жалғаңыз. ЕСКЕРТПЕ: Кез келген қатты дискінің жұмысына ақаулықтар туғызбас үшін, бастапқы қатты дискке арналған дерек кабелі жүйе тақтасындағы SATA0 деп таңбаланған қою-көк қосқышқа жалғануы қажет. Екінші қатты дискіні қосатын болсаңыз, оны ашық-көк SATA қосқышына жалғаңыз. 9.
2,5 дюймдік қатты дискіні алу 36 1. Бөлшектеуге дайындаңыз. Бөлшектеуге дайындалу (6-бет) бөлімін қараңыз. 2. Компьютердің алынбалы панелін алыңыз. Компьютердің алынбалы панелін алу (6-бет) бөлімін қараңыз. 3. Қатты драйвтың артқы жағынан қуат сымын (1) және дерек кабелін (2) ажыратыңыз. 4. Дискінің артындағы босату тетігін сыртқа қарай тартыңыз (1) және дискінің артын жоғары көтеріңіз (2).
2,5 дюймдік қатты дискіні орнату 1. Бөлшектеуге дайындаңыз. Бөлшектеуге дайындалу (6-бет) бөлімін қараңыз. 2. Компьютердің алынбалы панелін алыңыз. Компьютердің алынбалы панелін алу (6-бет) бөлімін қараңыз. 3. Төрт қара-көк M3 бекіту бұрандасын (дискінің әр жағында екеуден) орнатыңыз. ЕСКЕРТПЕ: M3 метрикалық бекіту бұрандаларын HP дүкенінен сатып алуға болады. Жетекті ауыстырғанда ескі драйвтың төрт бекітетін бұрандасын жаңасына салыңыз.
4. Дискінің алдыңғы бекіту бұрандаларын диск ұясының бүйірлеріндегі J ойықтарымен туралаңыз. Дискінің алдын диск ұясына басып, дискіні алға қарай сырғытыңыз (1). Кейін дискінің орнына бекітілуі үшін дискінің артын диск ұясына басыңыз (2). 5. Қуат кабелін (1) және дерек кабелін (2) қатты драйвтың артына жалғаңыз. ЕСКЕРТПЕ: 2,5 дюймдік қатты диск негізгі диск болса, деректер кабелінің екінші ұшын SATA0 таңбасымен белгіленген жүйелік тақтадағы күңгірт көк SATA қосқышына жалғаңыз.
M.2 SSD сақтау картасын алып тастау және орнату ЕСКЕРТПЕ: Жүйе тақтасында екі M.2 SSD ұяшығы бар. Компьютер 2230 және 2280 M.2 SSD карталарын қолдайды. 1. Бөлшектеуге дайындаңыз. Бөлшектеуге дайындалу (6-бет) бөлімін қараңыз. 2. Компьютердің алынбалы панелін алыңыз. Компьютердің алынбалы панелін алу (6-бет) бөлімін қараңыз. 3. Қатты диск ұясындағы барлық дискілердің артынан қуат және дерек кабельдерін ажыратыңыз. 4. Диск ұясын жоғары айналдырыңыз. 5. M.
6. M.2 SSD картасын орнату үшін картаны шамамен 30° бұрышта ұстап тұрып, картадағы істікшелерді жүйелік тақта қосқышына сырғытыңыз (1). Картаның екінші шетін басып (2), картаны бұрандамен бекітіңіз (3). 7. Диск ұясын төмен айналдырыңыз. 8. Қуат және деректер кабельдерін қатты диск ұясындағы дискілердің артына жалғаңыз. 9. Компьютердің алынбалы панелін ауыстырыңыз. 10. Қуат сымын және сыртқы құралдарды қайта жалғап, компьютерді қосыңыз. 11.
Қауіпсіздік құлпын орнату Төменде және келесі бетте көрсетілген Қауіпсіздік құлыптарын компьютерді қорғау үшін қолдануға болады.
HP бизнес ДК қауіпсіздік құлпы V2 HP PC Security Lock V2 жұмыс станциясындағы барлық құрылғыларды қорғауға арналған. 42 1. Қауіпсіздік кабелі ысырмасын қоршаған ортаңыз (бұрандалар берілмеген) (1) үшін тиісті бұрандаларды пайдалану арқылы жұмыс үстеліне тіркеңіз және кабель ысырмасының (2) негізіндегі қақпақты бекітіңіз. 2. Қауіпсіздік кабелімен стационал нысанды айналдыра ораңыз.
3. Қауіпсіздік кабелін қауіпсіздік кабелінің ысырмасы арқылы сырғытыңыз. 4. Монитор құлпының екі қайшы тұтқасын тартып, құлыпты монитордың (1) артқы жағындағы қауіпсіздік ұясына салып, құлыпты орнына (2) бекіту үшін қайшы тұтқаларын бірге жауып, кабель бағыттағышын монитор құлпынің (3) ортасы арқылы сырғытыңыз.
44 5. Қауіпсіздік кабелін мониторда орнатылған қауіпсіздік бағыттауышы арқылы сырғытыңыз. 6. Аксессуар кабелі ысырмасын қоршаған ортаңыз (бұранда берілмеген) (1) үшін тиісті бұранданы пайдалану арқылы жұмыс үстеліне тіркеңіз және ысырманың (2) негізіндегі аксессуар кабельдерін орналастырыңыз.
7. Қауіпсіздік кабелін аксессуар кабелінің ысырмасындағы саңылаулар арқылы сырғытыңыз. 8. Берілген бұрауышты пайдаланып, құлыпты шассидің артына бұраңыз.
9. Қауіпсіздік кабелінің аша шетін құлыпқа (1) енгізіңіз және құлыпты жабу үшін түймені (2) басыңыз. Құлыпты ашу үшін берілген кілтті қолданыңыз. 10. Барлық қадамдарды аяқтаған кезіңізде, жұмыс бекетіңіздегі барлық құрылғыларыңыз қауіпсіздендіріледі. Алдыңғы жапқыш қауіпсіздігі Алдыңғы жапқышты HP қамтамасыз еткен қауіпсіздік бұрандасын орнату арқылы бекітуге болады. Қауіпсіздік бұрандасын орнату үшін: 46 1. Бөлшектеуге дайындаңыз. Бөлшектеуге дайындалу (6-бет) бөлімін қараңыз. 2.
3. Шассиде орналасқан күміс түстес 6-32 қауіпсіздік бұрандасын алып тастаңыз. 4. Алдыңғы жапқыш шассиде орнатылғанын тексеріңіз. 5. Панельді орнында бекіту үшін, қауіпсіздік бұрандасын алдыңғы панельдің ортаңғы бекіткіш қойындысындағы саңылау арқылы орнатыңыз. 6. Компьютердің алынбалы панелін ауыстырыңыз. 7. Қуат сымын және сыртқы құралдарды қайта жалғап, компьютерді қосыңыз. 8. Алынбалы панелін алғанда істен шығарылған қауіпсіздік құралдарын бекітіңіз.
а Батарея ауыстыру Компьютермен жабдықталған батареялар ағымдағы уақыт бойынша өріс береді. Батареяны ауыстырғанда компьютерде орнатылған бастапқы батареямен бірдей батарея қолданыңыз. Компьютердегі батарея 3-вольттық тиын ұялы литий батареясы. АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Компьютердің құрамында ішкі литий мырыш қос тотықты батареясы бар. Батареяларды дұрыс пайдаланбаса, өрт және күйік алу қаупі бар. Жарақат алу қаупін азайту үшін: Батареяны қайта зарядтауға тырыспаңыз. 60°C (140°F) жоғарырақ температурада сақтамаңыз.
ә. Ауыстыратын батареяны жағымды жағын жоғары қаратып салыңыз. Батарея ұяшығы автоматты түрде батареяны дұрыс орына орналастырады. 2-түрі а. Батареяны (1) ұяшығынан босату үшін, батареяның шетінің үстінде тұрған қысқышты қысыңыз. Батарея шыққанда, көтеріп алып шығыңыз (2).
ә. Жаңа батарея салу үшін ауыстыратын батареяның бір жақ шетін жағымды жағын жоғары қаратып, ұяшықтың шетінен сырғытып (1) салыңыз. Екінші жиегін қысқыш батареяның екінші жиегіне бекітілгенше төмен басыңыз (2). 3-түрі а. Батареяны орнында ұстап тұрған қысқышты (1) артқа тартыңыз да, батареяны шығарыңыз (2). ә. Жаңа батареяны салып, орына түсіріп орналастырыңыз. ЕСКЕРТПЕ: Батареяны ауыстырған соң, бұл жұмысты аяқтау үшін келесі қадамдарды орындаңыз. 5. 50 Компьютердің алынбалы панелін ауыстырыңыз.
6. Қуат сымын және сыртқы құралдарды қайта жалғап, компьютерді қосыңыз. 7. Мерзімі мен уақытын, паспорттарын, барлық ерекше жүйе параметрлерін компьютерді орнату қызметін пайдаланып, қайта бейімдеңіз. 8. Алынбалы панелін алғанда істен шығарылған қауіпсіздік құралдарын бекітіңіз.
ә Электр статикалық разряд Саусақтан немесе басқа өткізгіштен келген статикалық тоқ жүйе тақтасына немесе басқа статикалық тоққа сезімтал құралдарға зақым келтіруі мүмкін. Мұндай зақым құралдың қызметін азайтуы мүмкін. Электр статикалық разрядты болдырмау Электростатикалық тоқ зақымының алдын алу үшін, мына сақтандыруларды орындаңыз: ● Өнімдерді статиктен ада жерде сақтау және тасымалдау арқылы қол тигізудің алдын алыңыз.
б Компьютер жұмысы туралы нұсқаулық, күнделікті қызмет көрсету және жіберу дайындықтары Компьютер жұмысы туралы нұсқаулық және күнделікті қызмет көрсету Компьютер және мониторды дұрыс орнату және күту үшін мына нұсқаулықтарды орындаңыз: ● Компьютерді шамадан тыс ылғалдан, күннің көзі тікелей түсетін және өте салқын немесе ыстық жерден аулақ ұстаңыз. ● Компьютерді тұрақты, жазық жерде қолданыңыз.
Оптикалық дискіге қатысты алдын алу шаралары Жұмыс кезінде немесе оптикалық драйвты тазалғанда келесі нұсқаулықтарды міндетті түрде орындаңыз. Жұмыс істеу ● Жұмыс кезінде драйвты қозғамаңыз. Нәтижесінде оның оқу мүмкіндігі бүлінуі мүмкін. ● Драйвты күтпеген температуралық өзгерістерден сақтаңыз, әйтпесе құрылғы ішінде ылғалдық пайда болуы мүмкін. Драйв қосылып тұрғанда температура өзгерсе, өшіргенге дейін кем дегенде бір сағат күтіңіз.
в Қосылу мүмкіндігі Арнайы мүмкіндіктер HP алуан түрлілікті, қатыстыруды және жұмысты/өмірді компанияның құрылымына енгізу бойынша жұмыс істеуде, сондықтан бұл біздің әрбір әрекетімізде көрінеді. Мұнда адамдарды дүние жүзіндегі технология қуатына қосуға негізделген инклюзивті ортаны жасау мақсатында атқаратын жұмыстарға ерекшеліктерді орнату жолының кейбір мысалдары берілген. Арнайы мүмкіндіктерге арналған қажетті құралдарды табу Технология адам әлеуетін жүзеге асыра алады.
● Өнімдеріміз бен қызметтерімізге қатысты көмекші технологияны жетілдіретін ішкі және сыртқы зерттеу және дамыту бөліміне қолдау көрсету. ● Арнайы мүмкіндіктерге арналған өндірістік стандарттар мен нұсқауларға қолдау көрсету және үлес қосу. Халықаралық арнайы мүмкіндіктер жөніндегі білікті мамандар бірлестігі (IAAP) IAAP — желі, білім беру және куәландыру арқылы арнайы мүмкіндіктер жөніндегі мамандықты жетілдіруге негізделген коммерциялық емес бірлестік.
● HP Elite x3 – Арнайы мүмкіндіктер опциялары (Windows 10 Mobile) ● HP компьютерлері – Windows 7 жүйесінің арнайы мүмкіндіктер опциялары ● HP компьютерлері – Windows 8 жүйесінің арнайы мүмкіндіктер опциялары ● HP компьютері – Windows 10 жүйесінің арнайы мүмкіндіктер опциялары ● HP Slate 7 планшеттері – HP планшетінде (Android 4.1/Jelly Bean) арнайы мүмкіндіктерді қосу ● HP SlateBook компьютерлері – Арнайы мүмкіндіктерді қосу (Android 4.3, 4.
Веб-мазмұнға қол жеткізу жөніндегі нұсқаулар (WCAG) W3C Интернетке қолжетімділік бастамасының веб-мазмұнға қол жеткізу жөніндегі нұсқаулары (WCAG) веб-дизайнерлер мен әзірлеушілерге физикалық немесе жасына қатысты мүмкіндіктері шектеулі адамдардың қажеттіліктеріне жақсырақ сәйкес келетін сайттарды жасауға көмектеседі. WCAG арнайы мүмкіндіктерді веб-мазмұн (мәтін, суреттер, аудио және бейне) мен веб-қолданбалардың толық ауқымы арқылы жетілдіреді.
аппараттық құралдар мен бағдарламалық құралдардың телефон желісі жабдығын және үйде немесе кеңседе қолданылатын телекоммуникациялық жабдықты қамтиды. Мұндай жабдыққа телефондар, сымсыз телефондар, факс машиналары, жауап беру құрылғылары және пейджерлер кіреді.
алынған пікірлер тізімі мен уақытша топпен байланысу түрлері) туралы толық деректерді Арнайы 333 уақытша тобы бөлімінен қарауға болады. Қолайлы сынау және растау жоспарларын бағалауға қатысты бөліктер CEN BT/WG185/PT бөлімінде толық сипатталған параллель жоба арқылы жүзеге асырылды. Қосымша ақпарат алу үшін, CEN жобасы тобының веб-сайтына өтіңіз. Екі жоба да мұқият үйлестірілді.
● Керең адамдардың ұлттық бірлестігі ● Соқыр адамдардың ұлттық федерациясы ● Солтүстік Америкалық қалпына келтіру инженерлік және көмекші технология қоғамы (RESNA) ● Керең және есті қабілеті нашар адамдарға арналған байланыс құралдары корпорациясы (TDI) ● W3C Интернетке қолжетімділік бастамасы (WAI) Білім беру институттары ● Калифорния мемлекеттік университеті, Нортридж, мүмкіндіктері шектеулі адамдардың орталығы (CSUN) ● Висконсин - Мэдисон университеті, салдарды іздеу орталығы ● Компьютерге
62 – Дүйсенбі-жұма күндері, қысқы уақыт аймағындағы 6:00 мен 21:00 аралығында (888) 259-5707 нөміріне қоңырау шалыңыз. – Физикалық немесе жасына қатысты мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін байланыс пішімін аяқтаңыз.
Индекс Таңбалар/Сандар 508-бөлімнің арнайы мүмкіндіктер стандарттары 57, 58 А алдыңғы жапқышы алып тастау 7 ауыстыру 10 бітеуішті алып тастау 8 қауіпсіздік 46 алдыңғы тақта құрамдас бөлшектері 2 алу 2,5 дюймдік қатты диск 36 3,5 дюймдік қатты диск 30 5,25 дюймдік оптикалық диск 23 M.
Х Халықаралық арнайы мүмкіндіктер жөніндегі білікті мамандар бірлестігі 56 Ш шаң сүзгісі 10 Э элекростатикалық тоқ, зақымның алдын алу 52 M M.