HP Color LaserJet Pro MFP M182-M185 - Reference Guide
6
Пайдаланушы нұсқаулығы және қосымша қолдау ресурстары
Пайдаланушы нұсқаулығында принтерді пайдалану және ақауларды
жою туралы ақпарат бар. Ол келесі веб-сайтта қолжетімді:
www.hp.com/support/ljM182MFP торабына өтіңіз.
Микробағдарлама жаңартуларын тексеру
1. www.hp.com/support/ljM182MFP торабына өтіңіз.
2. Тізімнен принтерді немесе санатты таңдап, Drivers (Драйверлер)
түймесін басыңыз.
3. Операциялық жүйені таңдап, Next (Келесі) түймесін басыңыз.
4. Firmware (Микробағдарлама) опциясын таңдап, Download(Жүктепалу)
түймесін басыңыз.
Ақауларды жою
Сымсыз басып шығару
Сымсыз басып шығару және сымсыз орнату
туралы қосымша ақпаратты мына беттен
қараңыз: www.hp.com/go/wirelessprinting.
Сымсыз байланыс ақауларын жою
Принтер сымсыз желінің ауқымында екенін тексеріңіз. Көптеген желілер үшін принтер сымсыз кіру нүктесінің (сымсыз маршрутизатор)
30м(100фут) ауқымында болуы тиіс. Принтер мен компьютер арасындағы уақытша қосылымға USB кабелі қажет болуы мүмкін. Сымсыз
реттеуақпараты дұрыс синхрондалатынын тексеру үшін, USB кабелін осы әрекетті орындау сұралмағанша жалғамаңыз.
Желі параметрлерін қалпына келтіру үшін осы қадамдарды орындаңыз:
1. USB кабелін принтерден ажыратыңыз.
2. Принтердің басқару панеліндегі Сымсыз
түймесін басып тұрыңыз. Дайын ЖШД және Назар аударыңыз ЖШД бір уақытта жыпылықтай
бастағанда Сымсыз түймесін жіберіңіз. Принтер әдепкі желіні автоматты түрде қалпына келтіріп, қайта іске қосылады.
3. Дайын
ЖШД қосылғанда бағдарламалық құралды орнатуды жалғастырыңыз.
Өнім ерекшеліктері
HP Oice Laser көп функциялы принтерлері жоғары сапалы түрлі-түсті немесе ақ-қара іскери құжаттарды оңай басып шығарады/көшірмесін жасайды.
• Басып шығару жылдамдығы: A4 өлшемді қағазға минутына 16 парақ және Letter өлшемді қағазға минутына 17 парақ басып шығарады










