HP Color LaserJet Pro MFP M182-M185 - User's Guide
3. Дұрыс тығыздық параметрлерін таңдаңыз.
4. Өзгерістерді сақтау үшін Apply (Қолдану) түймесін басыңыз.
Түстерді теңестіру үшін принтерді тексеру
Калибрлеу баспа сапасын оңтайландыратын принтер функциясы болып табылады.
Тураланбаған түс, түсті көлеңкелер, бұлдыр графика сияқты баспа сапасы мәселелерін немесе басқа баспа
сапасы мәселелерін шешу үшін, осы қадамдарды орындаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Қадамдар басқару панелінің түріне байланысты әртүрлі болады.
1 2
Кесте 9-17 Басқару тақталары
Сан Сипаттама
1 Жарық диодты басқару тақтасы
2 2 жолды басқару панелі
Жарық диодты басқару тақталары
1. HP ендірілген веб-серверін (EWS) ашыңыз:
а. HP принтер көмекшісін ашыңыз.
● Windows 10: Start (Бастау) мәзірінде All Apps (Барлық қолданбалар), HP түймесін басып,
принтер атауын таңдаңыз.
● Windows 8.1: Start (Бастау) экранының төменгі сол жақ бұрышындағы төмен көрсеткіні
басып, принтер атауын таңдаңыз.
● Windows 8: Start (Бастау) экранының бос аймағына тінтуірдің оң жағын басып,
қолданбалар тақтасында All Apps (Барлық қолданбалар) түймешігін басыңыз, содан соң
принтер атауын таңдаңыз.
● Windows 7, Windows Vista және Windows XP: компьютердің жұмыс үстелінде Start (Бастау)
түймесін басып, All Programs (Барлық бағдарламалар) опциясын таңдап, HP түймесін
басып, принтер қалтасын, одан кейін принтер атауын таңдаңыз.
ә. HP принтерінің көмекшісі мүмкіндігінде Print (Басып шығару) параметрін таңдаңыз, содан соң
HP Device Toolbox (HP құрылғысының құралдар тақтасы) параметрін таңдаңыз.
2. System (Жүйе) қойындысын басып, Print Quality (Басып шығару сапасы) бетін таңдаңыз.
3. Калибрлеу процесін бастау үшін Calibrate Now: (Қазір калибрлеу:) опциясын таңдап, Apply (Қолдану)
түймесін басыңыз.
KKWW Баспа сапасын жақсарту 127










