HP Color LaserJet Pro MFP M182-M185 - User's Guide

2 жолды басқару панельдері
1. Принтердің басқару тақтасында Setup (Параметрлерді орнату) түймешігін басыңыз.
2. Мына мәзірлерді таңдаңыз:
а. System Setupүйе параметрі)
ә. Баспа сапасы
б. Түстерді дәлдеу
в. Қазір мөлшерлеу
3. Калибрлеу процесін бастау үшін OK опциясын таңдаңыз.
4. Принтердің басқару панелінде Calibrating (Калибрлеу орындалуда) хабары көрсетіледі. Калибрлеу
процесін аяқтауға бірнеше минут кетеді. Калибрлеу процесі аяқталмайынша, принтерді
ажыратпаңыз. Принтерді калибрлеу аяқталғанша күтіп, басып шығару әрекетін қайталаңыз.
Түс параметрлерін реттеу (Windows)
Бағдарламадан басып шығарған кезде басылған беттегі түстер компьютер экранындағы түстерге сәйкес
болмаса немесе басылған беттегі түстер қанағаттандырарлық болмаса
, мына қадамдарды орындаңыз.
Түс опцияларын өзгерту
1. Бағдарламалық құралда Басып шығару опциясын таңдаңыз.
2. Принтерді таңдап, Properties (Сипаттар) немесе Preferences (Параметрлер) түймешігін басыңыз.
3. Color (Түс) жиекбелгісін басыңыз.
4. Түрлі түсті құжатты қара және сұр түстің реңдерінде басып шығару үшін Print in Grayscale (Сұр түс
шкаласында басып шығару) опциясын басыңыз. Түрлі түсті құжаттарды фотокөшірме немесе факс
үшін басып шығаруға осы опцияны пайдаланыңыз. Бұған қоса, бұл опцияны алғашқы нұсқа
көшірмелерін басып шығару немесе түсті тонерді үнемдеу үшін пайдалануға болады.
5. Document Properties (Құжат сипаттары) тілқатысу терезесін жабу үшін OK түймешігін түртіңіз.
Тапсырманы басып шығару үшін Print (Басып шығару) тілқатысу терезесіндегі OK түймешігін түртіңіз.
128 9-тарау Проблемаларды шешу KKWW