Equipment reference manual
Бөлшектеуге дайындалу
1. Компьютерді ашуға тиым салатын барлық қауіпсіздік құралдарын алып тастаңыз/істен
шығарыңыз.
2. Компьютерден барлық алынатын шағын диск немесе USB флэш драйвтерін алып тастаңыз.
3. Компьютерді жұмыс жүйесі арқылы дұрыстап өшіріңіз, одан кейін барлық сыртқы құралдарды
өшіріңіз.
4. Қуат сымын розеткадан ажыратыңыз және барлық сыртқы құралдарды ажыратыңыз.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Қуат қосу/өшіру күйіне қарамастан, жүйе қосылып тұрған AТ көзіне
жалғанып тұрса, жүйе тақтасында әрқашан ток болады. Компьютердің ішкі бөлшектерінің
бүлінуінің алдын алу үшін қуат сымын ажыратып қою керек.
Компьютердің алынбалы панелін алу
Ішкі құрамдас бөлшектерді алу үшін, алынбалы панельді алып тастауыңыз қажет.
1. Компьютерді бөлшектеуге дайындаңыз. Бөлшектеуге дайындалу (6-бет) бөлімін қараңыз.
2. Егер компьютер тұғырда тұрса, компьютерді тұғырдан алып, жерге орналастырыңыз.
3. Кіру панелінің босату тетігін сол жаққа (1) сырғытып, орнына құлыптаңыз. Содан кейін кіру
панелін (2) артқа сырғытып, оны компьютерден (3) көтеріп алыңыз.
6 2-тарау Құрылғы жаңартулары










