Equipment reference manual
Кесте 2-1 Жүйелік тақта қосқыштары (жалғасы)
Эле
мен
т
Жүйелік тақта қосқышы Жүйе тақтасының
жапсырмасы
Түсі Бөлік
15 M.2 SSD 2280 SSD2 Қара M.2 SSD жад картасы
16 M.2 SSD 2280 SSD1 Қара M.2 SSD жад картасы
Жүйе жадын жаңарту
Компьютер 4 синхронды динамикалық ерікті жетімділік жады (DDR4-SDRAM) орнатылған жад
модульдерімен (DIMM құралдар) жабдықталған.
Жүйелік тақтадағы жад ұяшықтарына кемінде бір алдын ала орнатылған жад модулі салынған. Жад
қолдауын барынша көп қолдану үшін, жүйе тақтасына 128 Гб-қа дейін орындауы жоғары қос арналы
режимде жиналған жад орнатуға болады. Бір модульді жадтың максималды сыйымдылығы – 32 ГБ.
Жүйесі дұрыс жұмыс істеу үшін, DIMMs келесі талаптарға сай болуы тиіс:
● Салалық стандартты 288 істікшелі
● Буферсіз ECC PC4-21300 DDR4-2666 МГц-үйлесімді емес
● 1,2 вольттық DDR4-SDRAM жад модульдері
● CAS кідірісі 19 DDR4 2666 МГц
● Міндетті JEDEC SPD ақпараты
Компьютер келесі көрсеткіштерді қолдайды:
● 512 Мб, 1 Гб, 2 Гб, 4 Гб, 8 Гб және 16 Гб ECC-емес жад технологиялары
● Бір жақты және екі жақты жад модульдері
● Жад модельдері ×8 және ×16 DDR құрылғылары арқылы жасалған; ×4 SDRAM арқылы жасалған
жад модульдеріне қолдау көрсетілмеген
ЕСКЕРТПЕ: Егер қолдау көрсетілмеген жад модульдерін орнатсаңыз, жүйе дұрыс жұмыс істемейді.
Жад модулін орнату
Жүйе тақтасында әр арнаға екі ұяшықтардан келетін төрт жад ұяшықтары бар. Ұяшықтар DIMM1,
DIMM2, DIMM3 және DIMM4 атауларымен таңбаланған. DIMM1 және DIMM2 ұяшықтары В арна жадында
қызмет атқарады. DIMM3 және DIMM4 ұяшықтары А арна жадында қызмет атқарады.
Жүйе DIMM модульдерінің орнатылуына қарай бір арналы режимде, қос арналы режимде немесе
икемді режимде автоматты түрде жұмыс істейді.
ЕСКЕРТПЕ: Жалғыз арна және теңгерілмеген қос арна жадының конфигурациялары график жұмысын
нашарлатады.
Жүйе жадын жаңарту 15










