Equipment reference manual
Кеңейту картасын алу немесе орнату
Компьютердің екі PCI Express ×1 кеңейту ұялары, бір PCI Express ×16 кеңейту ұясы және бір ×4 ұясына
қосылатын бір PCI Express ×16 кеңейту ұясы бар.
ЕСКЕРТПЕ: PCI Express ұяшықтары тек қана төмен профайл кәртішкелеріне қолдау көрсетеді.
PCI Express ×1, ×4, ×8 немесе ×16 кеңейту карталарын PCI Express ×16 ұясына орнатуға болады.
Қос графикалық деректер картасының конфигурациясы үшін бірінші (бастапқы) карта a ×4
ұяшығында берілісті төмендетпейтін PCI Express ×16 ұясына орнатылуы қажет.
Кеңейту картасын алу, ауыстыру немесе қосу үшін:
1. Компьютерді бөлшектеуге дайындаңыз. Бөлшектеуге дайындалу (6-бет) бөлімін қараңыз.
2. Егер компьютер тұғырда тұрса, компьютерді тұғырдан шешіп алыңыз.
3. Компьютердің алынбалы панелін алыңыз. Компьютердің алынбалы панелін алу (6-бет) бөлімін
қараңыз.
4. Дұрыс бос кеңейту ұяшығын жүйе тақтасына және сәйкес кеңейту ұяшығын компьютер шассиінің
артына орналастырыңыз.
5. Кертпенің тартқышын көтеріп және кертпені ашық жағына қарай айналдыру арқылы ұяшық
қақпағының тіреуішін босатыңыз.
6. Кеңейту картасын орнатуға дейін кеңейту ұяшығының қақпағын немесе ішінде тұрған кеңейту
картасын алып тастаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Орнатылған кеңейту картасын алу үшін, кеңейту картасына жалғанып тұрған
барлық кабельдерді ажыратыңыз.
а. Егер кеңейту картасын бос ұяшыққа орналастырсаңыз, шассидің артындағы қажетті
кеңейту ұяшығының қақпағын алып тастаңыз. Ұяшық қақпағын шассидің ішінен түзу
жоғары қарай тартып алыңыз.
18 2-тарау Құрылғы жаңартулары










