Equipment reference manual

9,5 мм жұқа оптикалық диск жетегін орнату
1. Компьютерді бөлшектеуге дайындаңыз. Бөлшектеуге дайындалу (6-бет) бөлімін қараңыз.
2. Егер компьютер тұғырда тұрса, компьютерді тұғырдан шешіп алыңыз.
3. Компьютердің алынбалы панелін алыңыз. Компьютердің алынбалы панелін алу (6-бет) бөлімін
қараңыз.
4. Жұқа оптикалық диск жетегін жапқышы бар ұяшыққа орналастырсаңыз, алдыңғы панелін алып,
одан кейін ұяшықтың қақпағын алыңыз. Қосымша ақпарат алу үшін Жұқа оптикалық диск
жетегінің бітеуіш жапқышын алу (9-бет) бөлімін қараңыз.
5. Босату ілмегіндегі шағын істікшені дискінің бүйіріндегі шағын тесікке туралаңыз да, құлақшаны
дискіге қарай қаттырақ басып жіберіңіз.
Дискілерді орнату және алу 25