Equipment reference manual

3,5 дюймдік қатты дискіні орнату
ЕСКЕРТПЕ: Екі 3,5 дюймдік қатты диск ұясы бар. 3,5 дюймдік қатты дискіні орнату процедурасы
әрбір диск үшін бірдей болады.
1. Компьютерді бөлшектеуге дайындаңыз. Бөлшектеуге дайындалу (6-бет) бөлімін қараңыз.
2. Егер компьютер тұғырда тұрса, компьютерді тұғырдан шешіп алыңыз.
3. Компьютердің алынбалы панелін алыңыз. Компьютердің алынбалы панелін алу (6-бет) бөлімін
қараңыз.
4. Стандартты 6-32 күміс-көк түсті орнату бұрандаларының көмегімен қатты дискінің бүйіріндегі
орнату бұрандаларын орнатыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: 3,5 дюймдік қатты дискіні ауыстыратын болсаңыз, орнату бұрандаларын ескі қатты
дискіден жаңасына тасымалдаңыз.
Екінші 3,5 дюймдік қатты дискіні қосатын болсаңыз, HP компаниясынан қосымша орнату
бұрандаларын сатып алуға болады.
Төрт күміс-көк түсті 6-32 бекіткіш бұрандаларын орнату (дискінің әрбір тарапында екеуден).
Сонымен қатар, 2,5 дюймдік қатты дискіні 3,5 дюймдік диск саңылауына төменде
көрсетілген үлгіге ұқсас адаптер арқылы орната аласыз.
2,5 дюймдік дискіні 3,5 дюймдік адаптер ұстағышына сырғытыңыз.
Дискілерді орнату және алу 29