Equipment reference manual
ЕСКЕРТПЕ: Компьютердің әр жағынан кем дегенде 10,2 сантиметр (4 дюйм) кедергісіз бос орын
қалуын қадағалаңыз.
7. Компьютерді қозғалтудан бұрын ажыратылған барлық қауіпсіздік құрылғыларын құлыптаңыз.
Компьютерді ілу құрылғысын бекіту
Компьютерді қабырғаға, тербелмелі ілгіге немесе басқа орнату құрылғысына орнатуға болады.
ЕСКЕРТПЕ: Бұл құрылығы UL немесе CSA тізімдеген қабырғаға бекіту кронштейн арқылы қамтамасыз
етіледі.
1. Егер компьютер тұғырда тұрса, компьютерді тұғырдан алып, жерге орналастырыңыз.
2. Компьютерді бұралмалы ілгішке (бөлек сатылады) бекіту үшін төрт бұранданы бұралмалы ілгіш
тақтасындағы тесіктер арқылы компьютердің орнату тесіктеріне салыңыз.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Бұл компьютер VESA өнеркәсіптік стандартына сәйкес 100 мм орнату
тесіктерін қолдайды. Үшінші жақ орнату механизмін компьютерге тіркеу үшін механизммен бірге
берілген бұрандаларды пайдаланыңыз. Өнеркәсіптің орнату құралының VESA өнеркәсіптік
стандартына сәйкес келетінін және компьютердің салмағын көтеретінін тексеру маңызды. Ең
жақсы өнімділік үшін компьютермен бірге берілген қуат және басқа кабельдерді пайдалану
маңызды.
Компьютерді басқа орнату құрылғысына бекіту үшін және компьютерді мықтап бекіткеніңізге көз
жеткізу үшін орнату құрылғыларымен берілген нұсқауларды орындаңыз.
Компьютерді ілу құрылғысын бекіту 5