Equipment reference manual

ЕСКЕРТПЕ: Компьютердің моделі осы тараудағы суреттердегіден сәл өзгешелеу болуы мүмкін.
Компьютердің алынбалы панелін алу
Ішкі бөліктерді алу үшін, кіру панелін алып тастауыңыз қажет.
1. Компьютерді ашуға тиым салатын барлық қауіпсіздік құралдарын алып тастаңыз/істен
шығарыңыз.
2. Компьютерден USB флэш драйвері сияқты барлық алынатын құралдарды алып тастаңыз.
3. Компьютерді операциялық жүйе арқылы дұрыс өшіріп, одан кейін барлық сыртқы
құрылғыларды өшіріңіз.
4. Қуат сымын розеткадан ажыратып, барлық сыртқы құрылғыларды ажыратыңыз.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Қуат қосу/өшіру күйіне қарамастан, жүйе қосылып тұрған AТ көзіне
жалғанып тұрса, жүйе тақтасында әрқашан ток болады. Ішкі бөліктерді зақымдамас үшін
компьютерді ашарда қуат сымын қуат көзінен ажыратыңыз.
5. Егер компьютер тұғырда тұрса, компьютерді тұғырдан алып, жерге орналастырыңыз.
6. Компьютердің артындағы (1) құлақты бұранданы алып тастаңыз. Одан кейін кіру панелін алға
қарай (2) сырғытып, оны компьютерден көтеріп шығарыңыз (3).
ЕСКЕРТПЕ: Егер қажет болса, Torx T15 немесе жалпақ ұшты бұрауышты құлақты бұранданы
босату үшін пайдалануға болады.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютердің моделі осы бөлімдегі суреттегіден сәл өзгешелеу болуы мүмкін.
Кейбір үлгілерде кіру панелінің желдеткіш тесіктері бар.
Компьютердің алынбалы панелін алу 9