Equipment reference manual
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Қуат сымын ажыратып, жад модульдарын қосқанға немесе алғанға дейін
шамамен 30 секундтай кернеудің басылғанын күту керек. Қуат қосу/өшіру күйіне қарамастан,
компьютер қосылып тұрған AТ көзіне жалғанып тұрса, тоқ жад модульдарына әрқашан жабдықталып
тұрады. Кернеу бар кезде жад модульдарын қосу немесе алу нәтижесінде жад модульдарына немесе
жүйе тақтасына жөнделмейтін зақым келуі мүмкін.
Жад модулінің ұяларында алтынмен жалатылған металл түйіспелері бар. Жадты жаңартқанда
үйлеспейтін металдардың бір-бірімен қатынасы нәтижесінде пайда болатын тотығу және/немесе
қышқылданудың алдын алу үшін алтындалған метал контактісі бар жад модульдарын қолдану
маңызды.
Статикалық электр қуаты компьютердің электрондық бөліктерін немесе қосымша карталарды
зақымдауы мүмкін. Бұл іс рәсімдерін бастамас бұрын, жерге қосылған темір затты ұстап қалып
статикалық электр зарядыңыздың жоқ екенін тексеріңіз. Қосымша ақпаратты Электр статикалық
разряд (47-бет) бөлімінен қараңыз.
Жад модулін қолданғанда контактілеріне қол тигізбеңіз. Солай болған жағдайда модульге зақым келуі
мүмкін.
1. Компьютерді ашуға тиым салатын барлық қауіпсіздік құралдарын алып тастаңыз/істен
шығарыңыз.
2. Компьютерден USB флэш драйвері сияқты барлық алынатын құралдарды алып тастаңыз.
3. Компьютерді операциялық жүйе арқылы дұрыс өшіріп, одан кейін барлық сыртқы
құрылғыларды өшіріңіз.
4. Қуат сымын розеткадан ажыратып, барлық сыртқы құрылғыларды ажыратыңыз.
5. Егер компьютер тұғырда тұрса, компьютерді тұғырдан алып, жерге орналастырыңыз.
6. Компьютердің алынбалы панелін алыңыз.
Нұсқауларды Компьютердің алынбалы панелін алу (9-бет) атты бөлімнен қараңыз.
7. Желдеткішті алдыңғы қойыншамен жоғары иіңіз және жоғарғы күйінде қалдырыңыз.
Жүйе жадын жаңарту 13