Equipment reference manual

6. Сыртқы құрылғыларды қайта жалғаңыз, қуат сымын жалғап, компьютерді қосыңыз.
7. Алынбалы панелін алғанда істен шығарылған қауіпсіздік құралдарын бекітіңіз.
M.2 PCIe қатты күйдегі диск (SSD) ауыстыру
1. Компьютерді ашуға тиым салатын барлық қауіпсіздік құралдарын алып тастаңыз/істен
шығарыңыз.
2. Компьютерден USB флэш драйвері сияқты барлық алынатын құралдарды алып тастаңыз.
3. Компьютерді операциялық жүйе арқылы дұрыс өшіріп, одан кейін барлық сыртқы
құрылғыларды өшіріңіз.
4. Қуат сымын розеткадан ажыратып, барлық сыртқы құрылғыларды ажыратыңыз.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Қуат қосу/өшіру күйіне қарамастан, жүйе қосылып тұрған AТ көзіне
жалғанып тұрса, жүйе тақтасында әрқашан ток болады. Ішкі бөліктерді зақымдамас үшін
компьютерді ашарда қуат сымын қуат көзінен ажыратыңыз.
5. Егер компьютер тұғырда тұрса, компьютерді тұғырдан алып, жерге орналастырыңыз.
6. Компьютердің алынбалы панелін алыңыз.
Нұсқауларды Компьютердің алынбалы панелін алу (9-бет) атты бөлімнен қараңыз.
7. M.2 SSD ұясына қатынасу үшін, үлгісіне қарай қатты диск ұясын немесе графикалық процессорды
алып тастау керек.
Қатты диск бар үлгілер үшін:
а. Қатты дискіні ұядан ажырату үшін қатты диск ысырмасын жоғары бұраңыз (1). Одан кейін
дискіні шассидің артына қарай тоқтағанша сырғытып, қатты дискіні ұядан жоғары көтеріңіз
және шығарыңыз (2).
M.2 PCIe қатты күйдегі диск (SSD) ауыстыру 19