HP LaserJet Enterprise MFP M634, M635, M636 - User Guide

Алдын ала қарау опцияларын реттеу және беттерді қайта реттеу, бұру, енгізу немесе жою үшін
экранның оң жағындағы түймелерді пайдаланыңыз.
Кесте 5-4 Алдын ала қарау түймелері
Түйме Сипаттама
Екі беттік көріністі және нобайлық көріністі ауыстырып қосыңыз. Екі беттік көрініспен
салыстырғанда, нобайлық көріністе қолжетімді опциялар көбірек.
Таңдалған бетті үлкейтіңіз не кішірейтіңіз.
ЕСКЕРТПЕ: Бұл түймелерді пайдалану үшін бір уақытта тек бір бетті таңдаңыз.
Бетті 180 градусқа бұрыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Бұл түйме тек нобай көрінісінде қолжетімді болады.
Таңдалған беттерді жойыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Бұл түйме тек нобай көрінісінде қолжетімді болады.
Құжаттағы беттерді қайта реттеңіз. Бір немесе бірнеше бетті таңдап, оларды солға немесе
оңға жылжытыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Бұл түймелер тек нобай көрінісінде қолжетімді болады.
Бетті құжатқа қосыңыз. Принтер қосымша беттерді сканерлеуге кеңес береді.
Алдын ала қарау кезінде енгізілген өзгерістерді тазалаңыз да басынан бастаңыз.
9. Көшірмелер санын реттеу үшін Copy (Көшіру) түймесінің сол жағындағы терезеге құсбелгі қойып,
ашылған пернетақтадан көшірмелер санын таңдаңыз. Пернетақтаны жабу үшін Close (Жабу)
түймесін басыңыз.
10. Құжат дайын болған кезде көшіруді бастау үшін Copy (Көшіру) опциясын таңдаңыз.
KKWW Екі жағына басып шығару (дуплекс) 89