HP LaserJet Enterprise MFP M634, M635, M636 - User Guide

Бірінші қадам: HP ендірілген веб-серверіне (EWS) өту
1. IP мекенжайын немесе хост атауын көрсету үшін, принтердің басқару панеліндегі негізгі экранында
Ақпарат белгішесін, одан кейін Желі белгішесін түртіңіз.
2. Веб-браузерді ашыңыз және мекенжай жолында IP мекенжайын немесе хост атауын дәл принтердің
басқару панеліндегідей теріңіз. Компьютер пернетақтасындағы Enter пернесін басыңыз. EWS экраны
ашылады.
ЕСКЕРТПЕ: Веб-браузер кірілетін веб-сайттың қауіпсіз болмауы мүмкін екендігін көрсететін
хабарды береді, веб-сайтты жалғастыру үшін опцияны таңдаңыз. Бұл веб-сайтқа кіру компьютерге
зақым келтірмейді.
Екінші қадам: Желіні анықтау параметрлерін конфигурациялау
ЕСКЕРТПЕ: Networking (Желі) жиекбелгісінде электрондық поштаны реттеуді конфигурациялау
кеңейтілген процесс болып табылады және жүйе әкімшісінің көмегін қажет етуі мүмкін.
1. EWS жоғары шарлау қойындыларын пайдаланып Networking (Желі) түймесін басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Oce 365 көмегімен желі параметрлерін реттеу үшін «Бесінші қадам: Oce 365
Outlook мүмкіндігін пайдалану үшін электрондық поштаға сканерлеуді реттеу (қосымшабөлімін
қараңыз.
2. Сол жақ шарлау аумағында TCP/IP Settings (TCP/IP параметрлері) түймесін басыңыз. EWS жүйесінің
Network Identication (Желі идентификациясы) қойындысына кіруге пайдаланушы аты/құпия сөз
талап етілуі мүмкін.
3. TCP/IP Settings (TCP/IP параметрлері) диалогтық терезесінде Network Identication (Желіні анықтау)
жиекбелгісін басыңыз.
KKWW Электрондық поштаға сканерлеуді орнату 97