HP LaserJet Enterprise MFP M634, M635, M636 - User Guide

Екінші қадам: Желілік қалтаға сканерлеуді реттеу
Бірінші әдіс: Желілік қалтаға сканерлеу шеберін пайдалану
Бұл опция принтерге арналған HP ендірілген веб-серверіндегі (EWS) орнату шеберін ашады. Орнату
шебері негізгі конфигурацияға арналған опцияларды қамтиды.
1. EWS жоғары шарлау қойындыларын қолданып Scan/Digital Send (Сканерлеу/Сандық жіберу)
қойындысын басыңыз.
2. Сол жақтағы шарлау аймағындаEmail and Scan to Network Folder Quick Setup Wizards (Электрондық
пошта және желі қалтасына сканерлеу функциясын жылдам орнату шеберлері
) түймесін басыңыз.
3. Save to Network Folder Quick Set Wizard (Желілік қалтаға сақтау параметрлерін орнату шебері)
сілтемесін басыңыз.
4. Add or Remove a Save to Network Folder Quick Set (Желі қалтасына сақтау жылдам орнатуын қосу
немесе жою) диалогтық терезесінде Add (Қосу) түймесін басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Жылдам орнатулар принтердің Басты экраннан немесе өнімдегі Жылдам орнатулар
қолданбасынан қол жеткізуге болатын қысқартылған тапсырмалар болып табылады.
ЕСКЕРТПЕ: Save to Network Folder (Желілік қалтаға сақтау) мүмкіндігін жылдам орнатуды
жасаусыз ең төмен мәндермен конфигурациялауға болады. Дегенмен, жылдам орнату болмаса,
пайдаланушылар әрбір сканерлеу тапсырмасы үшін межелі қалта ақпаратын басқару тақтасына
енгізулері қажет болады. Жылдам орнату Желі қалтасына сақтау метадеректерін қамту үшін талап
етіледі.
5. Add Folder Quick Set (Қалта қосу жылдам орнату) диалогтық терезесінде келесі ақпаратты
толтырыңыз:
а. Quick Set Title (Жылдам орнату атауы) жолағына атауды енгізіңіз.
ЕСКЕРТПЕ: Жылдам орнатуға пайдаланушылар жылдам түсінетін бір атау беріңіз (мысалы,
«Сканерлеу және қалтаға сақтау»).
ә. Quick Set Description (Жылдам орнату сипаттамасы) жолағында Жалдам орнатудың енді
сақтайтынын түсіндіретін сипаттама жазыңыз.
б. Next (Келесі) түймешігін басыңыз.
6. On the Congure Destination Folder (Межелі қалтаны конфигурациялау) диалогтық терезесінде келесі
ақпаратты толтырыңыз:
а. UNC Folder Path (UNC қалта жолы) жолағына сканерлеу бағытталатын қалта жолын енгізіңіз.
Қалта жолы межелі қалтаның толықтай анықталған домен атауы (FQDN) (мысалы, \
\servername.us.companyname.net\scans) немесе сервердің IP мекенжайы (мысалы, \
\16.88.20.20\scans) болуы мүмкін. Қалта жолының (мысалы, \scans) FQDN немесе IP
мекенжайға сәйкес келетінін тексеріңіз.
KKWW Желілік қалтаға сканерлеуді реттеу 113