HP LaserJet Enterprise MFP M634, M635, M636 - User Guide
ЕСКЕРТПЕ: FQDN мекенжайы IP мекенжайға қарағанда сенімдірек болады. Егер сервер IP
мекенжайын DHCP арқылы алса, IP мекенжайы өзгеруі мүмкін. Дегенмен, принтердің межелі
серверді табу үшін DNS пайдалануы қажет болмағандықтан, IP мекенжаймен байланыс
жылдамырақ болуы мүмкін.
ә. Authentication Settings (Аутентификация параметрлері) ашылмалы терезесінен келесі
опциялардың бірін таңдаңыз:
● Жүйеге кіргеннен кейін басқару тақтасынан қосу үшін пайдаланушының жазба
мәліметтерін пайдалану
● Әрдайым осы тіркелгі деректерді пайдалану
ЕСКЕРТПЕ: Егер Always use these credentials (Әрдайым осы тіркелгі деректерді
пайдалану) таңдалса, сәйкес жолдарға пайдаланушы аты мен құпия сөзін енгізу қажет
және принтердің қалтаға кіру мүмкіндігін Verify Access (Кіру мүмкіндігін тексеру)
түймесін басу арқылы тексеру қажет.
б. Windows Domain (Windows домен) жолағына Windows доменін жазыңыз.
КЕҢЕС: Windows 7 жүйесінде Windows доменін табу үшін Start (Бастау) түймесін басып,
Control Panel (Басқару тақтасы) түймесін, одан кейін System (Жүйе) түймесін басыңыз.
Windows 8 жүйесінде Windows доменін табу үшін, Search (Іздеу) түймесін басып, іздеу
ұяшығына System (Жүйе) енгізіп, System (Жүйе) түймесін басыңыз.
Домен Computer name, domain, and workgroup settings (Компьютер аты, домен және жұмыс
тобы параметрлері) астында көрсетіледі.
в. Next (Келесі) түймешігін басыңыз.
7. Congure File Scan Settings (Файлдың сканерлеу параметрлерін конфигурациялау) диалогтық
терезесінде Жылдам орнату үшін әдепкі сканерлеу параметрлерін орнатып, Next (Келесі) түймесін
басыңыз.
8. Summary (Түйін) тілқатысу терезесін қарап шығып, Finish (Аяқтау) түймешігін басыңыз.
Екінші әдіс: Желілік қалтаға сканерлеуді реттеу мүмкіндігін пайдалану
Бұл параметр принтерге арналған HP ендірілген веб-серверін (EWS) пайдаланып Желілік қалтаға
сақтаудың кеңейтілген конфигурациясын қосады.
Бірінші қадам: конфигурацияны бастау
1. Scan/Digital Send (Сканерлеу/сандық жіберу) жиекбелгісін басыңыз.
2. Сол жақ шарлау аймағындағы Scan to Network Folder Setup (Желі қалтасына сканерлеу
параметрлерін орнату) сілтемесін басыңыз.
114 6-тарау Сканерлеу KKWW










