HP LaserJet Enterprise MFP M634, M635, M636 - User Guide

Екінші диалог: Folder Settings (Қалта параметрлері)
Принтер сканерленген құжаттарды жіберетін қалталардың түрлерін конфигурациялау үшін Folder Settings
(Қалта параметрлері) диалогтық терезесін пайдаланыңыз.
Межелі қалтаны тағайындаудың екі түрін таңдауға беріледі:
Ортақ қалталар немесе FTP қалталары
Жеке ортақ қалталар
Қалта рұқсаттарының екі түрі таңдауға беріледі:
Оқу және өңдеу мүмкіндігі
Тек өңдеу мүмкіндігі
Төмендегі ақпарат қалта параметрлерін конфигурациялау жолын сипаттайды.
Сканерленген құжаттар үшін межелі қалтаны конфигурациялаңыз
1-опция: Ортақ қалталар немесе FTP қалталары
Сканерленген құжаттарды стандартты ортақ қалтаға немесе FTP қалтасына сақтау үшін, келесі
қадамдарды орындаңыз:
1. Егер ол әлі таңдалмаса, Save to shared folders or FTP folders (Ортақ қалталарға немесе FTP
қалталарына сақтау) таңдаңыз.
2. Add... (Қосу) түймесін басыңыз. Add Network Folder Path (Желі қалтасының жолын қосу) диалогтық
терезесі ашылады.
3. Add Network Folder Path (Желі қалтасының жолын қосу) диалогтық терезесінде келесі опциялардың
бірін таңдаңыз:
Бірінші опция: Стандартты ортақ желі қалтасына сақтау
116 6-тарау Сканерлеу KKWW