HP LaserJet Enterprise MFP M634, M635, M636 - User Guide
ЕСКЕРТПЕ: Ортақ желі қалталарын жасау туралы қосымша мәліметтерді Set up a shared
folder (Ортақ қалтаны орнату) (c04431534) бөлімінен қараңыз.
1. Егер ол әлі таңдалмаса, Save to a standard shared network folder (Стандартты ортақ желі
қалтасына сақтау) таңдаңыз.
2. UNC Folder Path (UNC қалта жолы) жолағына қалта жолын енгізіңіз.
Қалта жолы межелі қалтаның толықтай анықталған домен атауы (FQDN) (мысалы, \
\servername.us.companyname.net\scans) немесе сервердің IP мекенжайы (мысалы, \
\16.88.20.20\scans) болуы мүмкін. Қалта жолының (мысалы, \scans) FQDN немесе IP
мекенжайға сәйкес келетінін тексеріңіз.
ЕСКЕРТПЕ: FQDN мекенжайы IP мекенжайға қарағанда сенімдірек болады. Егер сервер
IP мекенжайын DHCP арқылы алса, IP мекенжайы өзгеруі мүмкін. Дегенмен, принтердің
межелі серверді табу үшін DNS пайдалануы қажет болмағандықтан, IP мекенжаймен
байланыс жылдамырақ болуы мүмкін.
3. Межелі қалтада сканерленген құжаттар үшін автоматты түрде ішкі қалта жасау үшін,
Custom Subfolder (Реттелетін ішкі қалта) тізімінен ішкі қалта атауы үшін пішім таңдаңыз.
Сканерлеу тапсырмасын жасайтын пайдаланушының ішкі қалтаға кіру мүмкіндігін
шектеу үшін Restrict subfolder access to user (Пайдаланушының ішкі қалтаға кіру
мүмкіндігін шектеу) таңдаңыз.
4. Сканерленген құжаттар үшін қалтаның толық жолын көру үшін Update Preview
(Жаңартуды алдына ала қарау) түймесін басыңыз.
5. Authentication Settings (Аутентификация параметрлері) тізімінен келесі опциялардың бірін
таңдаңыз:
○ Жүйеге кіргеннен кейін басқару тақтасынан қосу үшін пайдаланушының
жазба мәліметтерін пайдалану
○ Әрдайым осы тіркелгі деректерді пайдалану
KKWW Желілік қалтаға сканерлеуді реттеу 117










