HP LaserJet Enterprise MFP M634, M635, M636 - User Guide
ЕСКЕРТПЕ: Егер Always use these credentials (Әрдайым осы тіркелгі деректерді
пайдалану) таңдалса, сәйкес жолақтарға пайдаланушы аты мен құпия сөзін енгізу қажет.
6. Windows Domain (Windows домен) жолағына Windows доменін жазыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Windows 7 жүйесінде Windows доменін табу үшін Start (Бастау) түймесін
басып, Control Panel (Басқару тақтасы) түймесін, одан кейін System (Жүйе) түймесін
басыңыз.
Windows 8 жүйесінде Windows доменін табу үшін, Search (Іздеу) түймесін басып, іздеу
ұяшығына System (Жүйе) енгізіп, System (Жүйе) түймесін басыңыз.
Домен Computer name, domain, and workgroup settings (Компьютер аты, домен және
жұмыс тобы параметрлері) астында көрсетіледі.
ЕСКЕРТПЕ: Егер ортақ қалтаға барлығына кіруге рұқсат берілсе, жұмыс тобы атының
мәндерін (әдепкі - «Жұмыс тобы»), пайдаланушы аты мен құпия сөзін жолақтарға енгізу
қажет. Дегенмен, егер қалта ашық емес, белгілі бір пайдаланушы қалталарында болса,
аталмыш пайдаланушының аты мен құпия сөзі енгізілуі тиіс.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютер атының орнына IP мекенжайы қажет болуы мүмкін. Көптеген
үйге арналған роутерлер компьютер атауларын пайдаланбайды және оның Домен атауы
сервері (DNS) болмайды. Бұл жағдайда жаңа IP мекенжай тағайындайтын DHCP
проблемасын шешу үшін ортақ компьютерде статикалық IP мекенжай орнатқан жөн.
Қарапайым үйге арналған роутерде бір ішкі желідегі, бірақ DHCP мекенжай ауқымынан
тыс статикалық IP мекенжай орнатылады.
7. OK (Қосу/Өзгерту) опциясын басыңыз.
● Екінші опция: FTP серверінде сақтау
118 6-тарау Сканерлеу KKWW










