HP LaserJet Enterprise MFP M634, M635, M636 - User Guide

Кесте 6-8 Алдын ала қарау түймелері (жалғасы)
Түйме Сипаттама
Бетті құжатқа қосыңыз. Принтер қосымша беттерді сканерлеуге кеңес береді.
Алдын ала қарау кезінде енгізілген өзгерістерді тазалаңыз да басынан бастаңыз.
9. Құжат дайын болғанда, файлды жад қалтасына сақтау үшін Save (Сақтау) опциясын таңдаңыз.
Принтердегі тапсырма жадынан басып шығару
Бұл процедураны принтердің тапсырма жады қалтасындағы сканерленген құжатты басып шығару үшін
пайдаланыңыз.
1. Принтердің басқару панеліндегі негізгі экраннан Print (Басып шығару) опциясын, одан кейін Print
from Job Storage (Сақталған тапсырма қалтасынан басып шығару) опциясын таңдаңыз.
2. Stored Jobs to Print (Басып шығаруға сақталған тапсырмалар) бөлімінен Choose (Таңдау) опциясын,
одан кейін құжат сақталатын қалтаны таңдаңыз, сосын құжатты таңдап, Select (Таңдау) опциясын
басыңыз.
3. Егер бұл жеке құжат болса, Password (Құпиясөз) жолына төрт сандық PIN кодын енгізіп, OK
опциясын таңдаңыз.
4. Көшірмелер санын реттеу үшін Print (Басып шығару) түймесінің сол жағындағы терезеге құсбелгі
қойып, ашылған пернетақтадан көшірмелер санын таңдаңыз. Пернетақтаны жабу үшін Close
(Жабу) түймесін басыңыз.
5. Құжатты басып шығару үшін Print (Басып шығару) түймешігін басыңыз.
138 6-тарау Сканерлеу KKWW