HP LaserJet Enterprise MFP M634, M635, M636 - User Guide
Факс жіберу
1. Құжатты сканер шынысына бетін төмен қаратып қойыңыз немесе оны құжат бергішке бетін жоғары
қаратып қойыңыз және қағаз бағыттауыштарын құжат өлшеміне сәйкес реттеңіз.
2. Принтердің басқару тақтасындағы негізгі экранда Fax (Факс) опциясын таңдаңыз. Сізден
пайдаланушы аты мен құпия сөзді енгізу сұралуы мүмкін.
3. Келесі әдістердің біреуі арқылы алушыларды көрсетіңіз:
Алушыларды қолмен енгізу
▲ Fax Recipients (Факс алушылар) мәтін жолағын түртіп, факс нөмірін енгізу үшін пернетақтаны
пайдаланыңыз. Бірнеше факс нөміріне жіберу үшін нөмірлерді нүктелі үтірмен бөліңіз немесе
әр санды терген соң
, сенсорлық пернетақтадағы Enter түймесін басыңыз.
Алушыларды Контактілер тізімінен енгізу
а. Contacts (Контактілер) экранын ашу үшін Fax Recipients (Факс алушылар) жолының жанындағы
Contacts түймесін басыңыз.
ә. Тиісті контактілер тізімін таңдаңыз.
б. Алушылар тізіміне қосу үшін контактілер тізімінен атты немесе аттарды, одан кейін Add (Қосу)
опциясын таңдаңыз.
4. Жылдам орнатуды жүктеу үшін Load (Жүктеу) опциясын, одан кейін Quick Set (Жылдам орнату)
опциясын таңдаңыз да, Load (Жүктеу) опциясын Quick Sets (Жылдам орнатулар) тізімінен таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Quick Sets (Жылдам орнату) мәндері Text (Мәтін), Photograph (Фотосурет) және High
Quality (Жоғары сапа) сияқты әртүрлі шығыс түрлерінің алдын ала анықталған параметрлері болып
табылады. Сипаттамасын көру үшін Quick Set (Жылдам орнату) опциясын таңдауға болады.
5. Resolution (Ажыратымдылық), Sides (Жақтар) және Content Orientation (Мазмұн бағыты) сияқты
параметрлерді реттеу үшін астыңғы сол жақ бұрыштан Options (Опциялар) мәзірін, одан кейін
параметрлерді Options (Опциялар) мәзірлерінен таңдаңыз. Нұсқау берілсе, Done (Дайын) опциясын
таңдаңыз.
6. Қосымша алдын ала қарау: Құжатты алдын ала қарау үшін экранның оң жақ аймағын түртіңіз.
Алдын ала қарау экранын кеңейту және жию үшін алдын ала қарау тақтасының сол жағындағы
Expand (Кеңейту) және Collapse (Жию) түймелерін пайдалануға болады.
Кесте
7-1 Алдын ала қарау панеліндегі басқару элементтері
Expand (Кеңейту) түймесі Collapse (Жию) түймесі
Алдын ала қарау опцияларын реттеу және беттерді қайта реттеу, бұру, енгізу немесе жою үшін
экранның оң жағындағы түймелерді пайдаланыңыз.
156 7-тарау Факс KKWW










