HP LaserJet Enterprise MFP M634, M635, M636 - User Guide
Кесте 7-2 Алдын ала қарау түймелері
Түйме Сипаттама
Екі беттік көріністі және нобайлық көріністі ауыстырып қосыңыз. Екі беттік көрініспен
салыстырғанда, нобайлық көріністе қолжетімді опциялар көбірек.
Таңдалған бетті үлкейтіңіз не кішірейтіңіз.
ЕСКЕРТПЕ: Бұл түймелерді пайдалану үшін бір уақытта тек бір бетті таңдаңыз.
Бетті 180 градусқа бұрыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Бұл түйме тек нобай көрінісінде қолжетімді болады.
Таңдалған беттерді жойыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Бұл түйме тек нобай көрінісінде қолжетімді болады.
Құжаттағы беттерді қайта реттеңіз. Бір немесе бірнеше бетті таңдап, оларды солға немесе
оңға жылжытыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Бұл түймелер тек нобай көрінісінде қолжетімді болады.
Бетті құжатқа қосыңыз. Принтер қосымша беттерді сканерлеуге кеңес береді.
Алдын ала қарау кезінде енгізілген өзгерістерді тазалаңыз да басынан бастаңыз.
7. Құжат дайын болған кезде, факсты жіберу үшін Send (Жіберу) түймесін таңдаңыз.
KKWW Факс жіберу 157










