HP LaserJet Enterprise MFP M634, M635, M636 - User Guide
HP ендірілген веб-сервері (EWS) арқылы қосымша
конфигурациялау
●
Кіріспе
●
HP енгізілген веб-серверіне (EWS) кіру
●
HP енгізілген веб-серверінің мүмкіндіктері
Кіріспе
Ендірілген веб-серверді басып шығару функцияларын принтердің басқару панелінен емес, өзіңіздің
компьютерден басқару үшін пайдаланыңыз.
● Принтердің күйі туралы ақпаратты көру
● Барлық жабдықтардың қалған қолдану мерзімдерін анықтап, жаңаларына тапсырыс беріңіз
● Науа конфигурацияларын қараңыз және өзгертіңіз
● Принтердің басқару панелінің мәзір конфигурациясын қараңыз және өзгертіңіз
● Ішкі беттерді көріңіз және басып шығарыңыз
● Принтер мен қамсыздандыру материалдарына байланысты оқиғалар жөнінде хабарлама алыңыз
● Желі конфигурациясын көру және өзгерту
HP ендірілген веб-сервері принтер IP негізделген желіге қосылғанда жұмыс істейді. HP ендірілген веб-
сервері IPX негізделген принтер байланыстарын қолдамайды. HP ендірілген веб-серверін ашу және
пайдалану үшін Интернеттің болуы шарт емес.
Принтер желіге қосылғанда, HP ендірілген веб-сервері автоматты түрде қолжетімді болады.
ЕСКЕРТПЕ: HP ендірілген веб-серверіне желілік брандмауэрдан тыс қол жеткізу мүмкін емес.
HP ендірілген веб-серверін қолдану үшін шолғыш келесі талаптарға сәйкес келуі қажет:
Кесте
8-1 Браузер талаптары
Операциялық жүйе Браузер
Windows® 7 Internet Explorer (8.x немесе одан кейінгі нұсқасы)
Google Chrome (34.x немесе одан кейінгі нұсқасы)
Firefox (20.x немесе одан кейінгі нұсқасы)
Windows® 8 немесе одан
кейінгі нұсқасы
Internet Explorer (9.x немесе одан кейінгі нұсқасы)
Google Chrome (34.x немесе одан кейінгі нұсқасы)
Firefox (20.x немесе одан кейінгі нұсқасы)
macOS Safari (5.x немесе одан кейінгі нұсқасы)
Google Chrome (34.x немесе одан кейінгі нұсқасы)
Linux Google Chrome (34.x немесе одан кейінгі нұсқасы)
Firefox (20.x немесе одан кейінгі нұсқасы)
160 8-тарау Принтерді басқару KKWW










