HP LaserJet Enterprise MFP M634, M635, M636 - User Guide
HP енгізілген веб-серверіне (EWS) кіру
1. Принтердің IP мекенжайын табыңыз: Принтердің басқару тақтасындағы негізгі экраннан Information
(Ақпарат) белгішесін таңдаңыз, одан кейін IP мекенжайын немесе хост атауын көрсету үшін
Network (Желі) белгішесін басыңыз.
2. Веб-браузерді ашыңыз да, мекенжай жолында IP мекенжайын немесе хост атауын дәл принтердің
басқару панеліндегідей теріңіз. Компьютер пернетақтасындағы Enter пернесін басыңыз. EWS экраны
ашылады.
ЕСКЕРТПЕ: Веб-браузер кірілетін веб-сайттың қауіпсіз болмауы мүмкін екендігін көрсететін
хабарлама береді, веб-сайтқа өте беру үшін опцияны таңдаңыз. Бұл веб-сайтқа кіру компьютерге
зақым келтірмейді.
HP енгізілген веб-серверінің мүмкіндіктері
●
Information (Ақпарат) қойындысы
●
General (Жалпы) қойындысы
●
Copy/Print (Көшіру/Басып шығару) қойындысы
●
Scan/Digital Send (Сканерлеу/сандық жіберу) қойындысы
●
Fax (Факс) қойындысы
●
Supplies (Жабдықтар) қойындысы
●
Troubleshooting (Ақауларды жою) қойындысы
●
Security (Қауіпсіздік) қойындысы
●
HP Web Services (HP веб-қызметтері) қойындысы
●
Желіге қосылу жиекбелгісі
●
Басқа сілтемелер тізімі
Information (Ақпарат) қойындысы
Кесте
8-2 HP ендірілген веб-серверінің Information (Ақпарат) қойындысы
Мәзір Сипаттама
Құрылғы күйі Принтердің күйін көрсетеді және HP жабдықтарының қалған өлшеулі қызмет ету
мерзімін көрсетеді. Оған қоса, бұл бет әр науаға белгіленген қағаз түрі мен өлшемін
көрсетеді. Әдепкі параметрлерді өзгерту үшін Change Settings (Параметрлерді
өзгерту) сілтемесін басыңыз.
Теңшелім беті Конфигурация бетінде табылған ақпаратты көрсетеді.
Жабдықтар күйінің беті Жабдықтардың принтерге қатысты күйін көрсетеді.
Оқиға журналының беті принтердің барлық оқиғалары мен қателіктерінің тізімін көрсетеді. Мәселелерді
шешуге көмектесетін бірқатар динамикалық бетке қосылу үшін HP Instant Support (HP
жылдам қолдау көрсету) сілтемесін (HP ендірілген веб-серверінің барлық беттеріндегі
Other Links (Басқа сілтемелер) аймағында орналасқан) пайдаланыңыз. Сондай-ақ, бұл
беттер принтер үшін қосымша қызметтерді көрсетеді.
KKWW HP ендірілген веб-сервері (EWS) арқылы қосымша конфигурациялау 161










