HP LaserJet Enterprise MFP M634, M635, M636 - User Guide

Ұйқы режимінде 1 ватт немесе одан аз қуат пайдаланылатын принтерді реттеу үшін ұйқы
параметрлерінен кейін Әрекетсіздіктен кейінгі ұйқы және Авто өшіру уақытын енгізіңіз.
1. Принтердің басқару тақтасындағы негізгі экраннан Settings (Параметрлер) қолданбасын түртіп,
Settings (Параметрлер) белгішесін таңдаңыз.
2. Келесі мәзірлерді ашыңыз:
а. General Settings (Жалпы параметрлер)
ә. Қуат параметрлері
б. Ұйқы параметрлері
3. Принтер ұйқы режиміне өтпей тұрып белсенсіз болатын минут санын көрсету үшін Sleep after
Inactivity (Әрекетсіздіктен кейінгі ұйқы) опциясын таңдаңыз. Тиісті уақыт кезеңін енгізіңіз.
ЕСКЕРТПЕ: Күту режимінің әдепкі уақыты — 0 минут. Нөл (0) саны принтердің 1 минуттан аз
уақыт ішінде ұйқы режиміне өтетінін көрсетеді.
4. Ұйқы кезеңінен кейін принтерді терең қуат үнемдеу режиміне өткізу үшін Auto O after sleep
(Ұйқыдан кейін авто өшіру) опциясын таңдаңыз. Тиісті уақыт кезеңін енгізіңіз.
ЕСКЕРТПЕ: Әдепкі күйде принтер Автоматты түрде өшу режимінен USB немесе Wi-Fi әрекетінен
басқа әрекеттерге жауап ретінде іске қосылады. Қуат параметрлерін Shut down (wake on power button
only) (Өшіру (қуат түймесін басқанда ғана іске қосылу)) опциясын таңдау арқылы қуат түймесін
басқанда ғана іске қосылатын етіп реттеуге болады.
5. Параметрлерді сақтау үшін Done (Дайын) түймесін таңдаңыз.
Күту режиміне өту кестесін орнату
Принтерді автоматты түрде қосылатын ету немесе ұйқы режиміне аптаның белгілі күнінің белгілі бір
уақытында өту үшін Sleep Schedule (Күту режиміне өту кестесі) мүмкіндігін пайдаланыңыз.
1. Принтердің басқару тақтасындағы негізгі экраннан Settings (Параметрлер) қолданбасын түртіп,
Settings (Параметрлер) белгішесін таңдаңыз.
2. Мына мәзірлерді ашыңыз:
а. Жалпы
ә. Қуат параметрлері
б. Күту кестесі
3. New Event (Жаңа оқиға) түймесін таңдап, жоспарланатын оқиға түрін таңдаңыз: Wake Event (Ояту
оқиғасы) немесе Sleep Event (Ұйқы оқиғасы).
4. Ояту не ұйқы оқиғасы үшін оқиғаға арналған уақыт пен апта күндерін реттеңіз. Параметрді сақтау
үшін Save (Сақтау) түймесін таңдаңыз.
178 8-тарау Принтерді басқару KKWW