HP LaserJet Enterprise MFP M634, M635, M636 - User Guide
Қағаз кептелістерін жою үшін автожылжу
Автожылжу мүмкіндігі басқару панелінде қадамдық нұсқауларды беріп, кептелістерді жоюға көмектеседі.
Қадамды аяқтағанда, принтер процедурадағы барлық қадамдарды аяқтағанша келесі қадамды көрсетеді.
Қағаз кептелістері жиі немесе қайта-қайта орын ала бере ме?
Қағаз кептелістерінің санын азайту үшін, осы шешімдерді орындаңыз.
● Бұл принтер үшін HP техникалық сипаттамаларына сай келетін қағазды ғана пайдаланыңыз.
● Мыжылмаған, бүгілмеген немесе бүлінбеген қағазды пайдаланыңыз. Егер қажет болса, басқа
бумадағы қағазды пайдаланыңыз
.
● Бұрын басылып шығарылған немесе көшірілген қағазды қайта қолданбаңыз.
● Науаның толтырылғанын тексеріңіз. Егер солай болса, науадан қағаздар жинағын шығарыңыз,
жинақты тікейтіп, науаға кейбір қағаздарды қайта салыңыз.
● Науадағы қағаз бағыттағыштары қағаздың өлшеміне қарай дұрыс реттелгенін тексеріңіз.
Бағыттағыштарды қағаз жинағын майыстырмай, оларға тиіп тұратындай реттеңіз.
● Науа принтерге толық салынғанын тексеріңіз.
● Егер ауыр, дөңес немесе тесігі бар қағаз басып шығарсаңыз, бір мезгілде қолмен беру мүмкіндігін
және бір парақ беру мүмкіндігін пайдаланыңыз.
● Принтердің басқару панеліндегі Trays (Науалар) мәзірін ашыңыз. Науаның қағаз түріне және
өлшеміне дұрыс реттелгенін тексеріңіз.
● Басып шығару ортасының ұсынылған спецификацияларда болуын тексеріңіз.
ЕСКЕРТПЕ: қағазды тексеру және оны науаға дұрыс салу қағаз кептелістерінің санын азайтуы мүмкін.
Қосымша көмек алу үшін, қағазды салу жолын көрсететін бейнені көріңіз.
Құжат бергіштегі кептелген қағазды алу (31.13)
Төмендегі ақпарат кептелген қағазды құжат бергішінен алу жолын сипаттайды. Кептеліс пайда болғанда,
басқару тақтасында келесі хабар мен кептелісті жоюға көмектесетін анимация көрсетіледі.
● 31.13.XX құжат бергіштегі кептеліс
198 9-тарау Проблемаларды шешу KKWW










