HP LaserJet Enterprise MFP M634, M635, M636 - User Guide
Кесте 1-1 Принтердің басқару тақтасы көрінісінің шартты белгілері (жалғасы)
Кескінд
егі
жазбала
р
Принтердің компоненті Сипаттама
5
Ақпарат түймесі
Принтер туралы ақпараттың бірнеше түрін ашуға мүмкіндік беретін экранға өту
үшін ақпарат түймесін түртіңіз. Төмендегі ақпарат үшін экранның төменгі
жағындағы түймелерді түртіңіз:
● Display Language (Тілдерді көрсету): ағымдағы пайдаланушы сеансы үшін тіл
параметрлерін өзгерту.
● Sleep Mode (Ұйқы режимі): Принтерді ұйқы режиміне қойыңыз.
● Wi-Fi Direct: Wi-Fi байланысы бар телефонды, планшетті немесе басқа
құрылғыны пайдаланып, (HP Jetdirect 3100w BLE/NFC/сымсыз керек-жарақ
орнатылған кезде ғана) принтерге тікелей жалғау жолдары туралы ақпаратты
көрсетеді.
● Wireless (Сымсыз): сымсыз қосылым параметрлерін көру немесе өзгерту
(қосымша HP Jetdirect 2900nw Print Server сымсыз керек-жарақ орнатылғанда
ғана).
● Ethernet: Ethernet қосылым параметрлерін көру немесе өзгерту.
● HP Web Services: HP Web Services (ePrint) арқылы принтерге қосылу және басып
шығару ақпаратын көру.
● Fax Number (Факс нөмірі): Принтердің факс нөмірін көру (тек факс модельдері).
6
Анықтама түймесі
Ендірілген анықтама жүйесін ашу үшін анықтама түймесін түртіңіз.
7 Ағымдағы уақыт Ағымдағы уақытты көрсетеді.
8 Start Copy (Көшіруді бастау)
түймесі
Көшіру тапсырмасын бастау үшін Start Copy (Көшіруді бастау) түймесін түртіңіз.
9 Көшірме саны Көшірме саны принтер жасайтын етіп орнатылған көшірмелер санын көрсетеді.
10 Негізгі экранның бет
индикаторы
Негізгі экрандағы немесе қолданбадағы беттердің санын көрсетеді. Ағымдағы бет
бөлектеледі. Беттер арасында жылжу үшін экранды жанына қарай сипаңыз.
11 Пернетақта
(тек Flow модельдері)
Flow модельдерінде физикалық пернетақта бар. Пернелер принтердің сенсорлы
экранындағы виртуалдық пернетақтасы көрсетілген тілмен бірдей жолмен
көрсетіледі. Виртуалдық пернетақтаның орналасуы өзгерсе, физикалық
пернетақтадағы пернелер жаңа параметрлерге сай қайта салыстырылады.
ЕСКЕРТПЕ: кейбір жерлерде принтер пернелерді басқа тілдерге икемдеу үшін
жабыстырылған пернетақтасымен келеді.
12 Оңай қол жететін USB порты Компьютерсіз басып шығару және сканерлеу немесе принтердің енгізілген
бағдарламалық құралын жаңарту үшін USB флеш дискісін салыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Бұл портты әкімші пайдаланбастан бұрын қосуы тиіс.
13 Жабдықтарды біріктіру
қалтасы (ЖБҚ)
Қосалқы құрал мен үшінші тарап құрылғыларын қосу үшін.
Сенсорлы басқару тақтасын пайдалану жолы
Принтердің сенсорлы басқару тақтасын пайдалану үшін мына әрекеттерді орындаңыз.
KKWW Принтер көріністері 9










