HP LaserJet Enterprise MFP M634, M635, M636 - User Guide
6. Науаны орнына салыңыз, сосын науаға қағазды
толтырып салыңыз. Науаға 2000 парақ қағаз
сыяды.
ЕСКЕРТПЕ: Жақсы нәтижеге қол жеткізу
үшін қағаздың толық бумаларын салыңыз.
Буманы кіші бөлімдерге бөлмеңіз.
7. Науаны жабыңыз.
Оң жақ есіктен және термобекіткіш аймағынан кептелген қағазды алу (13.B9,
13.B2, 13.FF)
Оң жақ есіктегі, дуплекстегіштегі және термобекіткіш аймағындағы қағаз кептелістерін тазалау үшін
келесі процедураны пайдаланыңыз. Кептеліс пайда болғанда, басқару тақтасында келесі хабардың біреуі
және кептелісті жоюға көмектесетін анимация көрсетіледі.
● 13.B2.XX <қақпақ немесе есік> бөліміндегі кептеліс
● 13.B9.XX термобекіткіштегі кептеліс
● 13.FF.EE есік ашылу кептелісі
ЕСКЕРТУ: принтер жұмыс істеп тұрған кезде термобекіткіш ыстық болуы мүмкін. Тазалар алдында,
термобекіткіштің салқындағанын күтіңіз.
208 9-тарау Проблемаларды шешу KKWW










