HP LaserJet Enterprise MFP M634, M635, M636 - User Guide

Басып шығару сапасының мәселелерін шешу
Кіріспе
Кескін сапасы мәселелерін қоса, басып шығару сапасы мәселелерін жою үшін төмендегі ақпаратты
пайдаланыңыз.
Мәселелерді жою қадамдары мына ақауларды жоюға көмектесе алады:
Бос беттер
Қара беттер
Оралған қағаз
Күңгірт немесе жарық жолақтар
Күңгірт немесе жарық жолақшалар
Анық емес баспа
Сұр фон немесе күңгірт басып шығару
Ашық басып шығару
Бекітілмей қалған тонер
Тонер жоқ
Тонердің шашыраған нүктелері
Жылжытылған беттер
Дақтар
Жолақтар
Басып шығару сапасы мәселелерін жою
Басып шығару сапасы мәселелерін жою үшін, мына қадамдарды берілген ретпен орындап көріңіз.
Арнайы кескін ақауларын жою үшін, «Кескін ақауларын жою» бөлімін қараңыз.
Принтердің бағдарламалық құралын жаңарту
Принтердің бағдарламалық құралын жаңартып көріңіз.
Әртүрлі бағдарламалық құралдан басып шығару
Басқа бағдарламалық құралдан басып шығарып көріңіз. Бет дұрыс басылып шықпаса, мәселе басып
шығарып отырған бағдарламалық құралыңызға қатысты болып отыр.
Баспа тапсырмасы үшін қағаз түрінің параметрін тексеру
Қағаз түрінің параметрлерінде бағдарламадан басып шығарғанда жағылған жерлер, анық емес немесе
күңгірт басып шығарылған жерлер, оралған қағаз, шашыраған тонер нүктелері, аз тонер немесе тонер
сыртқа шыққан аймақтар бар-жоғын тексеріңіз.
KKWW Басып шығару сапасының мәселелерін шешу 219