HP LaserJet Enterprise MFP M634, M635, M636 - User Guide
Принтердегі қағаз түрінің параметрін тексеру
1. Науаны ашыңыз.
2. Науаға дұрыс қағаз түрінің жүктелгенін тексеріңіз.
3. Науаны жабыңыз.
4. Науаға салынған қағаз түрінің параметрлерін растау немесе өзгерту үшін басқару панелінің
нұсқауларын орындаңыз.
Қағаз түрінің параметрін тексеру (Windows)
1. Бағдарламалық құралда Басып шығару опциясын таңдаңыз.
2. Принтерді таңдап, Properties (Сипаттар) немесе Preferences (Параметрлер) түймешігін басыңыз.
3. Paper/Quality (Қағаз/Сапа) жиекбелгісін таңдаңыз.
4. Paper Type (Қағаз түрі) ашылмалы тізіміндегі More... (Қосымша...) опциясын басыңыз.
5. Type is: (Түрі:) тармағына арналған опцияларды кеңейтіңіз.
6. Қағазды ең жақсы сипаттайтын қағаз түрлерінің санатын жайыңыз.
7. Пайдаланыстағы қағаз түрінің опциясын таңдап, OK түймешігін басыңыз.
8. Document Properties (Құжат сипаттары) тілқатысу терезесін жабу үшін OK түймешігін түртіңіз.
Тапсырманы басып шығару үшін Print (Басып шығару) тілқатысу терезесіндегі OK түймешігін
түртіңіз.
Қағаз түрінің параметрін тексеру (macOS)
1. File (Файл) мәзірін басыңыз, содан кейін Print (Басып шығару) опциясын басыңыз.
2. Printer (Принтер) мәзірінен принтерді таңдаңыз.
3. Әдепкіде принтер драйвері Copies & Pages (Көшірмелер мен беттер) мәзірін көрсетеді. Мәзірлердің
ашылмалы тізімін ашыңыз да, Finishing (Аяқтау) мәзірін басыңыз.
4. Media Type (Медиа түрі) ашылмалы тізімінен бір түрді таңдаңыз.
5. Print (Басып шығару) түймешігін басыңыз.
Тонер картриджінің күйін тексеру
Тонер картридждерінде қалған шамамен қызмет мерзімін тексеру және қажет болса басқа ауыстыруға
болатын техникалық қызмет көрсету бөліктерінің күйін тексеру үшін мына қадамдарды орындаңыз.
Бірінші қадам: Жабдықтар күйінің бетін басып шығару
1. Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Reports (Есептер) мәзірін таңдаңыз.
2. Conguration/Status Pages (Қағаз/Сапа беттері) мәзірін таңдаңыз.
3. Supplies Status Page (Жабдықтар күйінің беті) опциясын таңдап, бетті басып шығару үшін Print
(Басып шығару) опциясын таңдаңыз.
220 9-тарау Проблемаларды шешу KKWW










