HP LaserJet Enterprise MFP M634, M635, M636 - User Guide
Екінші қадам: Жабдықтар күйін тексеру
1. Тонер картридждерінде қалған шамамен қызмет мерзімін және қажет болса басқа ауыстыруға
болатын техникалық қызмет көрсету бөліктерінің күйін тексеру үшін жабдықтар күйі есебін
қараңыз.
Басып шығару сапасының мәселелері шамаланған қызмет мерзімі аяқталатын тонер картриджін
пайдаланғанда орын алуы мүмкін. Жабдықтар күйінің беті жабдық күйінің өте төмен екенін
көрсетеді. HP жабдығы ең төменгі шегіне жеткенде, ол жабдыққа арналған HP жоғары қорғау
кепілдігі аяқталады.
Басып шығару сапасы жарамды деңгейде болса, тонер картриджін әзірше ауыстырудың қажеті жоқ.
Баспа сапасы нашарлағанда, орнына салынатын баспа картриджін дайындап қойыңыз.
Тонер картриджін немесе басқа ауыстыруға болатын техникалық қызмет көрсету бөліктерін
ауыстыру керектігін анықтасаңыз, жабдық күйінің беті түпнұсқа HP бөлігінің нөмірлерін көрсетеді.
2. Түпнұсқа HP картриджін пайдаланып жатқаныңызды көру үшін тексеріңіз.
Түпнұсқалық HP тонер картриджінде «HP» сөзі болады немесе HP логотипі болады. HP
картридждерін анықтау туралы қосымша ақпаратты www.hp.com/go/learnaboutsupplies торабынан
қараңыз.
Тазалағыш бетті басып шығару
Басып шығару процесінің барысында қағаз, тонер және шаң бөлшектері принтер ішінде жиналуы мүмкін
және тонер дақтары немесе шашырауы, жағылу, жолақтар, сызықтар немесе қайталанатын таңбалар
сияқты баспа сапасының мәселелерін тудыруы мүмкін.
Принтердің қағаз жолын тазалау үшін мына қадамдарды орындаңыз.
1. Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Support Tools (Қолдау құралдары) мәзірін таңдаңыз.
2. Мына мәзірлерді таңдаңыз:
● Күтім
● Мөлшерлеу/тазалау
● Тазалау беті
3. Бетті басып шығару үшін Print (Басып шығару) пәрменін басыңыз.
Принтердің басқару панелінде Cleaning... (Тазартылуда...) хабар көрсетіледі. Осы калибрлеу бетінің
басылып шығу процесі екі минутты алады. Тазалау үрдісі аяқталмайынша, принтерді ажыратпаңыз.
Тазаланып болғанда, басылып шыққан қағазды алып тастаңыз.
Тонер картриджін немесе картридждерін көзбен қарап шығу
Әр тонер картриджін тексеру үшін мына қадамдарды орындаңыз.
1. Принтерден картридждерді шығарып, бітеуші таспаның алынғанын тексеріңіз.
2. Жад микросхемасының бұзылмағанын тексеріңіз.
3. Жасып принтер барабанының бетін тексеріңіз.
ЕСКЕРТУ: Принтер барабанын ұстамаңыз. Принтер барабанындағы саусақ іздері баспа сапасына
кері әсер етеді.
KKWW Басып шығару сапасының мәселелерін шешу 221










