HP LaserJet Enterprise MFP M634, M635, M636 - User Guide
ЕСКЕРТПЕ: Бұл мүмкіндікті Windows жүйесінде PCL 6 принтер драйверімен пайдалануға болады. Сол
драйверді пайдаланбаған жағдайда, бұл мүмкіндікті HP енгізілген веб-серверін пайдаланып қосуға
болады.
Бүкіл бет тым күңгірт немесе тым ашық болса, мына қадамдарды орындаңыз.
1. Бағдарламалық құралда Басып шығару опциясын таңдаңыз.
2. Принтерді таңдап, Properties (Сипаттар) немесе Preferences (Параметрлер) түймешігін басыңыз.
3. Paper/Quality (Қағаз/сапа) қойындысын басып, Print Quality (Басып шығару сапасы) аймағын
табыңыз
.
4. Бүкіл бет тым күңгірт болса, мына параметрлерді пайдаланыңыз:
● Қолжетімді болса 600 dpi (600 нүкте/дюйм) опциясын таңдаңыз.
● Оны қосу үшін EconoMode құсбелгісін қойыңыз.
Бүкіл бет тым ашық болса, мына параметрлерді пайдаланыңыз:
● Қолжетімді болса FastRes 1200 опциясын таңдаңыз.
● Оны өшіру үшін EconoMode құсбелгісін алыңыз.
5. Document Properties (Құжат сипаттары) тілқатысу терезесін жабу үшін OK түймешігін басыңыз.
Тапсырманы басып шығару үшін Print (Басып шығару) тілқатысу терезесіндегі OK түймешігін
басыңыз.
Басып шығару тығыздығын реттеу
Басып шығару тығыздығын реттеу үшін келесі қадамдарды орындаңыз.
1. Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Settings (Параметрлер) мәзірін таңдаңыз.
2. Мына мәзірлерді ашыңыз:
● Copy/Print (Көшіру/Басып шығару) немесе Print (Басып шығару)
● Баспа сапасы
● Тонер қоюлығы
3. Жүгірткіні Less (Аз) немесе More (Көп) күйіне жылжытумен қажетті тығыздық параметрін
орнатыңыз.
224 9-тарау Проблемаларды шешу KKWW










