HP LaserJet Enterprise MFP M634, M635, M636 - User Guide

1. Принтердің басқару тақтасындағы негізгі экраннан Settings (Параметрлер) қолданбасын түртіп,
Settings (Параметрлер) белгішесін таңдаңыз.
2. Мына мәзірлерді ашыңыз:
а. Факс
ә. Факс жіберу параметрлері
б. Жалпы факс жіберу параметрлері
3. Error Correction Mode (Қатені түзету режимі) опциясын таңдаңыз. Done (Дайын) түймесін басыңыз.
Бетке шақтау параметрін тексеру
Fit to Page (Бетке шақтау) параметрі қосылған болса және кіріс факсы әдепкі бет өлшемінен үлкенірек
болса, принтер бетке шақтау үшін суретті масштабтауға әрекет жасайды. Бұл параметр ажыратылған
болса, үлкенірек суреттер бірнеше бетке таралады.
1. Принтердің басқару тақтасындағы негізгі экраннан Settings (Параметрлер) қолданбасын түртіп,
Settings (Параметрлер) белгішесін таңдаңыз.
2. Мына мәзірлерді ашыңыз:
а. Факс
ә. Факс қабылдау параметрлері
б. Әдепкі тапсырма параметрлері
в. Бетке шақтау
3. Параметрді қосу үшін On (Қосу) опциясын таңдаңыз немесе оны ажырату үшін O (Өшіру)
опциясын таңдаңыз.
Басқа факс құрылғысына жіберу
Факсты басқа факс құрылғысына жіберіп көріңіз. Факс сапасы жақсырақ болса, мәселе алушының факс
машинасының бастапқы параметрлеріне немесе жабдықтардың күйіне байланысты.
Жіберушінің факс құрылғысын тексеру
Жіберушіден басқа факс құрылғысынан жіберіп көруді сұраңыз. Факс сапасы жақсырақ болса, ақаулық
жіберушінің факс құрылғысында туындаған. Басқа факс құрылғысы қол жетімсіз болса, жіберуші ретінде
келесі өзгерістерді орындауды қарастырыңыз:
Түпнұсқа құжаттың ақ (түсті емес) қағазда екенін тексеріңіз.
Факс ажыратымдылығын, сапа деңгейін немесе контраст параметрлерін арттырыңыз.
Мүмкін болса, факсті компьютердің бағдарламалық құралынан жіберіңіз.
244 9-тарау Проблемаларды шешу KKWW