HP LaserJet Enterprise MFP M634, M635, M636 - User Guide
Сымсыз желі ақауларын жою
●
Кіріспе
●
Сымсыз байланысты тексеру парағы
●
Сымсыз конфигурациялау аяқталғаннан кейін, принтер басып шығармайды
●
Принтер басып шығармайды және компьютерде үшінші тараптың желіаралық қалқаны орнатылған
●
Сымсыз маршрутизаторды немесе принтерді жылжытқаннан кейін, сымсыз байланыс жұмыс
істемейді
●
Сымсыз принтерге қосымша компьютерлер қосу мүмкін емес
●
Сымсыз принтер байланысы VPN желісіне қосылған кезде жоғалады
●
Желі сымсыз желілер тізімінде шықпайды
●
Сымсыз желі жұмыс істеп тұрған жоқ
●
Сымсыз желідегі кедергіні азайту
Кіріспе
Мәселелерді шешуге көмектесу үшін ақауларды жою ақпаратын пайдаланыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Принтерде HP NFC және HP Wireless Direct басып шығару қосылған-қосылмағанын
анықтау үшін принтердің басқару тақтасынан конфигурация бетін басып шығарыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Желі байланысы әлсін-әлсін жоғалып тұрса, алдымен принтердің микробағдарламасын
жаңартыңыз. Принтердің микробағдарламасын жаңарту ақпаратын алу үшін http://support.hp.com веб-
сайтына өтіп, өз принтеріңізді іздеңіз, одан кейін «микробағдарламаны жаңарту» бөлімін іздеңіз.
Сымсыз байланысты тексеру парағы
● Бір уақытта сымды және сымсыз қосылу үлгілеріне қолдау көрсетпейтін принтерлер үшін желі
кабелінің қосылмағанын тексеріңіз.
● Принтер мен сымсыз маршрутизатордың қосылып тұрғанын және қуаты бар екенін тексеріңіз.
Сондай-ақ, принтердегі сымсыз радио қосылып тұрғанын тексеріңіз. (Принтер сымсыз желіге
қосылғанда, сымсыз желі индикаторы жанып тұрады, ал ол сымсыз желіні іздегенде
жыпылықтайды.)
● Қызмет орнату идентификаторы (SSID) дұрыс екенін тексеріңіз:
– Желіге сымсыз қосылу үшін мобильдік құрылғының дұрыс роутерге/кіру нүктесіне қосылып
жатқанына көз жеткізіңіз.
– Wi-Fi Direct байланысы үшін конфигурациялық бетті басып шығарып, принтердің SSID
идентификаторын анықтаңыз.
Егер SSID дұрыс екеніне сенімсіз болсаңыз, сымсыз орнатуды қайта іске қосыңыз.
● Қауіпсіз желілер арқылы қауіпсіздік ақпараты дұрыс екенін тексеріңіз. Егер қауіпсіздік ақпараты
дұрыс болмаса, сымсыз орнатуды қайта іске қосыңыз.
248 9-тарау Проблемаларды шешу KKWW










