HP LaserJet Enterprise MFP M634, M635, M636 - User Guide
● Windows жүйесі үшін Пуск (Бастау) түймешігін басып, Запустить (Іске қосу) пәрменін
таңдап, cmd деп теріңіз де, Enter пернесін басыңыз.
● macOS үшін Applications (Бағдарламалар) тармағына өтіп, Utilities (Утилиталар) тармағын
таңдаңыз да, Terminal параметрін ашыңыз.
ә. Маршрутизатордың IP мекенжайынан кейін келетін ping ақпаратын енгізіңіз.
б. Егер терезе ақпарат жіберу уақытын көрсетсе, онда желі жұмыс істейді.
4. Маршрутизатордың немесе принтердің компьютеріңіз қосылған желіге қосылғанын тексеріңіз.
а. Конфигурация бетін басып шығарыңыз.
ә. Компьютеріңіз үшін конфигурациялау есебіндегі қызмет орнату идентификаторын (SSID)
принтер конфигурациясындағы қызмет орнату идентификаторымен (SSID) салыстырыңыз.
б. Сандар бірдей болмаса, онда құрылғылар бір желіге қосылмайды. Принтердің сымсыз
орнатуын қайта конфигурациялаңыз.
Сымсыз желідегі кедергіні азайту
Келесі кеңестер сымсыз желідегі кедергілерді азайтуы мүмкін:
● Сымсыз құрылғыларды құжаттарды сақтайтын шкафтар сияқты көлемді темір заттардан, сондай-ақ
микротолқынды және сымсыз телефондар сияқты басқа да электромагниттік құрылғылардан аулақ
ұстаңыз. Бұл заттар радио сигналдарына кедергі болуы мүмкін.
● Сымсыз құрылғыларды көлемді тастан қаланған және басқа құрылыс құрылымдарынан аулақ
ұстаңыз. Бұл заттар радио толқындарды сіңіріп, сигнал күшін азайтуы мүмкін.
● Сымсыз маршрутизаторды желідегі сымсыз принтерлермен бір сызықтың ортасына
орналастырыңыз.
KKWW Сымсыз желі ақауларын жою 251










