HP LaserJet Enterprise MFP M634, M635, M636 - User Guide

ЕСКЕРТПЕ: Windows жүйесінің бағдарламалық құрал орнатқышы HP Smart Device Agent Base
қызметін орнатады. Файл өлшемішамамен 100 КБ. Оның функциясы тұрақты түрде USB арқылы
жалғанған принтерлерді тексеру болып табылады. Мәлімет жинақталмаған. USB принтері табылса, ол
JetAdvantage басқару коннекторының (JAMc) үлгісін желіге орналастыруға әрекет жасайды. Егер JAMc
табылса, HP Smart Device Agent Base қызметі JAMc коннекторынан толық смарт құрылғы агентіне қауіпсіз
жаңартылып, JAMc коннекторы басып шығарылған парақтардың Басқарылатын баспа қызметтері (MPS)
есептік жазбасына жазылуына жағдай жасайды. Принтер үшін hp.com веб-сайтынан жүктелген және Add
Printer шебері арқылы орнатылған тек драйверлік веб-пакеттері бұл қызметті орнатпайды.
Орнатылған қызметті жою үшін Control Panel (Басқару тақтасын) ашыңыз, Programs (Бағдарламалар)
немесе Programs and Features (Бағдарламалар және мүмкіндіктер) опциясын таңдаңыз, одан кейін
қызметті жою үшін Add/Remove Programs (Бағдарламаларды қосу/жою) немесе Uninstall a Program
(Бағдарламаны жою) опциясын басыңыз. Файл атауыHPSmartDeviceAgentBase.
Мобильді басып шығару шешімдері
HP компаниясы ноутбуктан, планшеттен, смартфоннан немесе басқа мобильді құрылғыдан HP принтері
арқылы оңай басып шығаруға мүмкіндік беретін көптеген мобильді басып шығару шешімдерін ұсынады.
Толық тізімді көру және ең жақсы таңдауды анықтау үшін www.hp.com/go/MobilePrinting веб-сайтына
өтіңіз.
ЕСКЕРТПЕ: Барлық мобильді басып шығару мүмкіндіктеріне қолдау көрсетілуі үшін принтер
микробағдарламасын жаңартыңыз.
Wi-Fi Direct (HP Jetdirect 3100w BLE/NFC/Сымсыз аксессуарлары орнатылған сымсыз модельдерге
арналған)
Электрондық пошта арқылы HP ePrint (HP веб-қызметтерінің қосылуын және принтердің
HP Connected арқылы тіркелуін қажет етеді)
HP Smart қолданбасы
Google Cloud Print
AirPrint
Android жүйесінен басып шығару
Принтер өлшемдері
Кесте
1-25 Негізгі модельдердің өлшемдері (M634dn, M634h, M635h, M636fh)
Принтер толығымен жабық Принтер толығымен ашық
Биіктігі 640 мм 865 мм
Қалыңдығы 558 мм 805 мм
Ені 512 мм 1030 мм
Салмағы (тонер
картриджімен)
33,2 кг
24 1-тарау Принтердің жалпы көрінісі KKWW