HP LaserJet Enterprise MFP M634, M635, M636 - User Guide
3. Науаға парақты салыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Кептелуге жол бермеу үшін
науаны толтырып жібермеңіз. Буманың
жоғарғы жағы науаның толық көрсеткішінен
төмен екендігін тексеріңіз.
ЕСКЕРТПЕ: Егер науа дұрыс реттелмесе,
басып шығару кезінде қателік хабары шығады
немесе қағаздың кептелуі мүмкін.
4. Науаны жабыңыз.
5. Принтердің басқару тақтасында науаны
конфигурациялау туралы хабар көрсетіледі.
6. Анықталған түр мен өлшемді қабылдау үшін OK
түймешігін түртіңіз немесе басқа қағаз өлшемін
немесе түрін таңдау үшін Modify (Өзгерту)
түймешігін түртіңіз.
7. Дұрыс түр мен өлшемді таңдаңыз да, OK
түймешігін түртіңіз.
KKWW Сыйымдылығы жоғары 2000 парақтық кіріс науаға салу 41










