HP LaserJet Enterprise MFP M634, M635, M636 - User Guide

Конверттерді салу және басып шығару
Кіріспе
Келесі ақпаратта хатқалталарды жүктеу және басып шығару әдісі сипатталады. Хатқалталарды басып
шығару үшін 1-науаны немесе хатқалта бергіш аксессуарын пайдаланыңыз. 1-науаға 10 хатқалтаға дейін
сыяды; хатқалта бергіш аксессуарына хатқалта дизайны мен қоршаған орта жағдайларына байланысты 75
хатқалта сыяды.
Қолмен беру опциясын қолданып конверттерді басып шығару үшін, принтер драйверіндегі дұрыс
параметрлерді таңдау мақсатында осы қадамдарды орындаңыз және одан кейін баспа тапсырмасын
принтерге жібергеннен кейін науаға конверттерді жүктеңіз
.
Конверттерді басып шығару
1-науадағы хатқалталарды басып шығару
1. Бағдарламалық құралда Print (Басып шығару) опциясын таңдаңыз.
2. Принтерлер тізімінен принтерді таңдаңыз да, басып шығару драйверін таңдау үшін Properties
(Сипаттар) немесе Preferences (Параметрлер) түймешігін басыңыз немесе түртіңіз.
ЕСКЕРТПЕ: Түймешіктің атауы бағдарламаға қарай әр түрлі болады.
ЕСКЕРТПЕ: Осы мүмкіндіктерге Windows 8 немесе 8.1 нұсқасының Бастау экранынан кіру үшін,
Құрылғылар бөлімін таңдап, Басып шығару тармағын таңдаңыз, содан кейін принтерді таңдаңыз.
3. Қағаз/Сапа қойындысын басыңыз немесе түртіңіз.
4. Қағаз өлшемі ашылмалы тізімінде конверттер үшін дұрыс өлшемді таңдаңыз.
5. Қағаз түрі ашылмалы тізімінде Конверт параметрін таңдаңыз.
6. Қағаз көзі ашылмалы тізімінде Қолмен беру параметрін таңдаңыз.
7. Document Properties (Құжат сипаттары) тілқатысу терезесін жабу үшін OK түймешігін түртіңіз.
8. Тапсырманы басып шығару үшін Print (Басып шығару) диалогтық терезесінде Print (Басып
шығару) түймесін басыңыз.
Хатқалта бергіз аксессуарындағы хатқалталарды басып шығару
1. Бағдарламалық құралда Print (Басып шығару) опциясын таңдаңыз.
2. Принтерлер тізімінен принтерді таңдаңыз да, басып шығару драйверін таңдау үшін Сипаттар
немесе Параметрлер түймесін басыңыз немесе түртіңіз.
ЕСКЕРТПЕ: Түйменің атауы бағдарламаға қарай әртүрлі болады.
Осы мүмкіндіктерге Windows 8 немесе 8.1 нұсқасының Бастау экранынан кіру үшін, Құрылғылар
бөлімін таңдап, Басып шығару тармағын таңдаңыз, содан кейін принтерді таңдаңыз.
3. Қағаз/Сапа қойындысын басыңыз немесе түртіңіз.
4. Келесі қадамдардың бірін орындаңыз:
42 2-тарау Қағаз науалары KKWW