HP LaserJet Enterprise MFP M634, M635, M636 - User Guide

900 парақтық 3 қалтасы бар қапсырмалы пошта жәшігін
конфигурациялау
Қапсырмалы пошта жәшігі құжаттарды жоғарғы сол немесе жоғарғы оң жақ бұрыштарынан қыстырады
және үш шығыс қалтада 900 парақ қағазды ұстап тұра алады. Шығыс қалтаның үш режимдік
конфигурация опциялары бар: жинақтағыш режим, пошта жәшігі режимі немесе функция бөлу режимі.
Әдепкі қапсырма орнын теңшеу
Жұмыс режимін конфигурациялау
Әдепкі қапсырма орнын теңшеу
1. Принтердің басқару тақтасындағы негізгі экраннан Settings (Параметрлер) қолданбасын түртіп,
Settings (Параметрлер) белгішесін таңдаңыз.
2. Мына мәзірлерді ашыңыз:
а. Степлерді/жинақтағышты басқару
ә. Степлермен бекіту
3. Параметрлер тізімінен қапсырма орнын таңдап, Save (Сақтау) түймесін басыңыз. Келесі опцияларды
таңдауыңызға болады:
None (Ешбір): қапсырмалар жоқ
Top left or right (Жоғарғы сол не оң жақ): егер құжатта кітаптық бағыт болса, қапсырма қағаздың
қысқа жиегінің жоғарғы сол жағында болады. Егер құжатта альбомдық бағыт болса, қапсырма
қағаздың ұзын жиегінің жоғарғы оң жағында болады.
Top left (Жоғарғы сол жақ): қапсырма қағаздың қысқа жиегінің жоғарғы сол жақ бұрышында
болады.
Top right (Жоғарғы оң жақ): қапсырма қағаздың ұзын жиегінің жоғарғы оң жақ бұрышында
болады.
1
2
1 Қағаздың қысқа жиегінің жоғарғы сол жақ бұрышы
2 Қағаздың ұзын жиегінің жоғарғы оң жақ бұрышы
46 2-тарау Қағаз науалары KKWW