HP LaserJet Enterprise MFP M634, M635, M636 - User Guide

Жұмыс режимін конфигурациялау
Принтердің тапсырмаларды шығыс қалталарға қалай сұрыптайтынын конфигурациялау үшін осы
процедураны пайдаланыңыз.
1. Принтердің басқару тақтасындағы негізгі экраннан Settings (Параметрлер) қолданбасын түртіп,
Settings (Параметрлер) белгішесін таңдаңыз.
2. Мына мәзірлерді ашыңыз:
а. Manage Stapler/Stacker (Степлерді/Жинақтағышты басқару)
ә. Operation Mode (Жұмыс режимі)
3. Параметрлер тізімінен режимді таңдап, Save (Сақтау) түймесін басыңыз. Келесі опцияларды
таңдауыңызға болады:
Mailbox (Пошта жәшігі): принтер тапсырмаларды жіберген пайдаланушыға сәйкес әртүрлі
қалталарға салады.
Stacker (Жинақтағыш): принтер қалталарда тапсырмаларды астынан үстіне қарай жинайды.
Function Separator (Функция бөлгіші): принтер басып шығару тапсырмалары, көшіру
тапсырмалары немесе факс тапсырмалары сияқты тапсырмаларды әртүрлі қалталарға
принтердің функциясына сәйкес жібереді.
HP принтерінің драйверін таңдалған жұмыс режиміне конфигурациялау үшін келесі қадамдарды
орындаңыз:
Windows
®
8.0, 8.1 және 10
1. Экранның төменгі сол жақ бұрышын тінтуірдің оң жағымен басыңыз.
2. Control Panel (Басқару панелі) тармағын таңдаңыз. Hardware and Sound (Жабдық және дыбыс)
астында View devices and printers (Құрылғыларды және принтерлерді қарау) тармағын таңдаңыз.
3. Принтердің атауын тінтуірдің оң жақ түймесімен басып, Printer Properties (Принтер сипаттары)
тармағын таңдаңыз.
4. Device Settings (Құрылғы параметрлері) жиекбелгісін ашыңыз.
5. Update Now (Қазір жаңарту) опциясын таңдаңыз. Не болмаса, Automatic Conguration (Автоматты
конфигурациялау) жанындағы ашылмалы мәзірден Update Now (Қазір жаңарту) опциясын
таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Ең жаңа V4 драйверлері Update Now (Қазір жаңарту) мүмкіндігін қолдамайды. Осы
драйверлер үшін мына процедуралардың бірін орындаңыз:
Тізімде бар болса, Қосалқы шығыс қалта бөліміндегі жұмыс режимін қолмен реттеңіз.
Баспа ретінің диспетчерін тоқтатып, қайтадан қосыңыз
а. Start (Бастау) түймесін басыңыз (немесе іздеу терезесін ашыңыз).
ә. services.msc деп теріп, Enter пернесін басыңыз.
KKWW 900 парақтық 3 қалтасы бар қапсырмалы пошта жәшігін конфигурациялау 47