HP LaserJet Enterprise MFP M634, M635, M636 - User Guide

Картридж саясаты функциясын өшіру үшін принтердің басқару панелін қолданыңыз
ЕСКЕРТПЕ: осы мүмкіндікті қосу немесе өшіру әкімші құпия сөзін енгізуді талап етуі мүмкін.
1. Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Settings (Параметрлер) мәзірін ашыңыз.
2. Мына мәзірлерді ашыңыз:
Manage Supplies (Жабдықтарды басқару)
Cartridge Policy (Картридж саясаты)
3. O (Өшіру) параметрін таңдаңыз.
Картридж саясаты функциясын қосу үшін HP ендірілген веб-серверін (EWS) пайдалану
1. HP ендірілген веб-серверін (EWS) ашыңыз:
а. IP мекенжайын немесе хост атауын көрсету үшін, принтердің басқару панеліндегі негізгі
экранында Ақпарат белгішесін, одан кейін Желі белгішесін түртіңіз.
ә. Веб-браузерді ашыңыз және мекенжай жолында IP мекенжайын немесе хост атауын дәл
принтердің басқару панеліндегідей теріңіз. Компьютер пернетақтасындағы Enter пернесін
басыңыз. EWS экраны ашылады.
ЕСКЕРТПЕ: Веб-браузер кірілетін веб-сайттың қауіпсіз болмауы мүмкін екендігін
көрсететін хабарды береді, веб-сайтты жалғастыру үшін опцияны таңдаңыз. Бұл веб-сайтқа
кіру компьютерге зақым келтірмейді.
2. Copy/Print (Көшіру/Басып шығару) қойындысын ашыңыз.
3. Сол жақтағы шарлау тақтасында Manage Supplies (Жабдықтарды басқару) түймесін басыңыз.
4. Жабдық параметрлері аймағынан Authorized HP (Өкілетті HP) опциясын Cartridge Policy (Картридж
саясаты) ашылмалы тізімінен таңдаңыз.
5. Өзгерістерді сақтау үшін Apply (Қолдану) түймесін басыңыз.
Картридж саясаты функциясын өшіру үшін HP Кіріктірілген веб-серверін (EWS)
пайдаланыңыз
1. HP ендірілген веб-серверін (EWS) ашыңыз:
а. IP мекенжайын немесе хост атауын көрсету үшін, принтердің басқару панеліндегі негізгі
экранында Ақпарат белгішесін, одан кейін Желі белгішесін түртіңіз.
54 3-тарау Жабдықтар, керек-жарақтар және бөлшектер KKWW